Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы жас сарбаздарды әскерге салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Алматы қаласының Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының көмекшісі Қарлығаш Мұсабекқызы хабарлады.
Қазіргі таңда әскерге баратындардың саны артып және сапасы жақсарып келеді. Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» деп демекші Отан алдындағы борышын өтеуге ниет білдірген азаматтар көбейіп келетіні қуантарлық жағдай.
Алматы қаласы Медеу аудандық әкімдігінің мұрындық болуымен көркемөнерпаздар жас сарбаздарға өз өнерлерін көрсетті. Сонымен бірге Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери борышын өтеушілерге қажетті сыйлықтар сыйлады.
Айта кететін жәйт, жас сарбаздарды қызмет өткеру орындарында оларды жаңа жағдайға бейімделуге көмектесетін және мерзімді қызмет өткеру барысында әскери іске оқытып-үйрететін офицерлер мен сержанттар салтанатты түрде қарсы алады.
Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери қызметті өткеріп, әскердің айбынын асқақтауына өскелең жас ұрпақтардың бірден-бір үлесі зор. Әскер қатарында болу жастарды отансүйгіштікке баулып, елі мен жеріне сүйіспеншілігін арттырып, өмірге бейімдейді. Бейбіт елдің тыныштығын күзетіп, тәуелсіздігіміздің туының желбіреуі әскерінің мықты да, берік болуында.
Әрбір жас сарбаз қандай жағдайда қасиетті Отанын қорғауға қашанда дайын болуы тиіс. Жүрегінде еліне, Отанына деген сүйіспеншілік кез келген адамға жылулық беріп, ізгі ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болып табылады.
Оставить комментарий