Қариялар метрода тегін жүретін болды

/uploads/thumbnail/20171024103012287_small.jpg

Қариялар Алматы метросында 1 күн тегін жүреді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматыметрополитен» МКК баспасөз қызметі хабарлағандай, Халықаралық қарттар күніне орай 26 қазанда зейнеткерлер метро қызметін 1 күнге тегін пайдаланатын болады. Қариялар зейнеткерлік құжаттары мен жеке куәліктерін алып жүруі тиіс. Бұл күні метро қызметін 2 мыңға жуық қарт пайдаланады деген болжам бар. Қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Айдың басында басталған мерекелік шаралар Алматы қаласында жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, Қарттар күніне орай мерекелік концерттер, қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.

Связанные Статьи