Мәскеуде такси жүргізушісі түнгі клубтан шыққан 24 жастағы әйелді зорлаған. Бұл жайында Лента.ру хабарлайды.
Оқиға 23-ші қазан күні сағат таңғы 4.00 шамасында орын алған. Әйел кешкісін клубта болып, танымал бағдарлама арқылы такси шақырған. Көлікке міңген соң бойжеткен қалың ұйқыға кеткен. Көзін ашқанда шалбары мен іш киімінің шешулі екенін аңғарған.
Такси жүргізушісі өзінің жолаушымен қарым-қатынаста болмағанын айтып, 400 рубль көлемінде жолақысын сұраған. Ақшаны қалдырып, мәскеулік әйел үйінің маңынан түсіп қалады. Ол жерде оны күйеуі күтіп тұрған.
Үйге келген соң оқиғаның мән-жайын білген әйел, полицияға шағымданған.
Ал қазір такси жүргізушісін іздестіру жұмыстары басталды.