«Тыныш өмір сүргізбедіңдер»: Атырауда марқұм ерлі-зайыптының ұлынан келген хат жария етілді

/uploads/thumbnail/20260114170323923_big.webp sn.kz

Атырау облысы, Жангелдин ауылындағы қазаға қатысты күтпеген дерек жария етілді. Марқұм ерлі-зайыптының ұлы Наурыздың нөмірінен туысына жолданған хат қоғамның назарын аудартты.

Осы оқиғаға байланысты бір үйдің екі адамы – Наурыз Мұқанғалиев пен оның қарындасы Мирамгүлге қатысты іздестіру жалғасып жатыр. Іс төңірегіндегі әр мәліметті жұрт жіті бақылап отыр.

Хатта не жазылды

Qazaq AIRAN редакциясының тілшілері Жангелдинге барған. Марқұм Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетова Наурызбен арадағы хат алмасуды көрсеткен.

27 желтоқсанда Наурыз Мұқанғалиевтің нөмірінен тәтесіне мынадай мәтін жолданған:

«Арыз жазып не дүрліктіріп жатсыз? Өзімізде проблема аздай. Пайдаларың тимесе де, зияндарыңызды тигізбеңіздерші. Босқа көмектесе алмайсыздар, мысқылдап күлесіздер. Пайдаларыңнан зияндарыңыз көп екен. Өз ата-анама өзім жауап берем. Шаруаларыңыз болмасын жарар, үйленіп алдым. Тыныш өмір сүргізбедіңіздер жан-жақтан. Банктен бір іздейді, полиция бір іздейді. Дұшпан екенсіңдер».

Жақындарының пікірі

Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев Наурыз туралы пікір білдірген. Ол Наурызды кішкентайынан танитынын, ешкімге қарыз болмай, өзгеге зиян келтірмей, өз тіршілігімен жүрген адам болғанын айтқан.

«Әкесіне не анасына зиян келтіретін адам емес. Ауылдағы кез келген кісіден сұрасаңыз, Наурыз жайлы жаман сөз айтпайды. Үйінің жалғыз баласы ғой. Аузың ашса, жүрегі көрінетін адам» – деген ол.

Іздестіру мен ресми мәлімет

Ауылда Наурыз бен Мирамгүлді іздеу жалғасып жатыр. Туыстар мен ауылдастар жаңа деректерді күтіп отыр, қоғамның сұрағы көбейіп тұр. Полицейлердің ресми түсіндірмесін жұрт күтіп отыр.

Фото: Атырау облыстық ПД

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қатысты Мақалалар