Алматыда «ҮЕҰ мектебі» жобасы аясында жәрмеңке болып өтті

/uploads/thumbnail/20171025173648488_small.jpg

Бүгін Алматы қаласында «Үкіметтік емес ұйымдар мектебі» жобасы аясында «Рухани жаңғыру: азаматтық сектордың әлеуметтік бастамалары мен жобалары» атты жәрмеңке болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ және Республикалық Достық Үйінің жұмысын қамтамасыз ету Қызметімен бірлесе отырып «Қазақстанның ҮЕҰ АРО ұлттық жүйесі» Ассоциация нысанындағы ЗТБ ұйымдастырды.

Аталмыш жобаның негізгі міндеті мақсаттары – Алматы қаласының мақсатты топтары үшін әлеуметтік қызметтер көрсету саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларының ашық байқауының нәтижелерін қорытындылау болып табылады. Сонымен қатар, бұл жоба әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған қоғам талпынысын біріктіру, секторлық өзара іскерліктің әлеуетін пайдалана отырып үздік әзірлемелерді іс жүзінде жүзеге асыру, біртұтас тұжырымдамалық бағыттарды, қағидаларды және стратегияларды жасақтауды да мақсат тұтқан.

Алматы

Аталмыш жәрмеңкеде өз жобаларын ұсынушылардың бірі Арман Әубәкір бүгінгі шара жөнінде айта отырып, оның қоғамға тигізер көмегі өте көп екендігін айтты.

«Бүгінгі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын өте жақсы жолға қойып жатыр. Олардың жүйесін жеңілдетіп жатыр. Мысалы, бұған дейінгі Үкіметтік емес ұйымдар өз-өзімен жеке-жеке жүретін болса, қазір осы ұйым үкіметтік емес ұйымдар үшін демеушілерді өзі іздейтін болды. Үкіметтен түрлі-түрлі құжаттардың жеңілдетуін талап етеді. Екі ортада дәнекерлік жасап, әр түрлі жобалар ұсынған Үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын дамытатындай әр түрлі идеялық конкурстар ұйымдастырып отырады. Ол конкурстар өте жеңіл, артық құжаттарсыз болады. Ондағы ең маңызды назар аударарлық мәселе – идеяның маңыздылығы, оның құндылығы болып табылады», - дейді Арман Әубәкір.

Оның айтуынша, бұған дейінгі Үкіметтік емес ұйымдар өте көп құжат жинайтын, конкурсқа қатысу үшін ең маңызды құжат болып, идея өз жайында қалатын еді.

«Осы уақытқа дейін көптеген конкурстарда құжаттың толық болуы мен жобаны таныстыру барысында оның қалай безендірілгеніне баса назар аударатын. Соның салдарынан идеяның өзектілігі, оның маңыздылығы еленбей қалатын. Ал, бұл жобаның бастамасы көптеген үкіметтік емес ұйымдардың жобасын жарыққа шығаруға, істерін жүргізуге көп көмегі тиеді және қоғамға да тигізер пайдасы өте мол», - дейді ол.

Алматы

Айта кетер болсақ, «Үкіметтік емес ұйымдар мектебі» жобасы аясында «Алматы қаласы ҮЕҰ-ларының үздік әлеуметтік жобасы» атты байқау жарияланды. Бұл – әлеуметтік сала ұйымдарының әлеуметтік маңызды проблемаларды шешудегі мүмкіндіктерін, әлеуметтік жобалардың тұсау кесерлері, мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік билік органдарымен және бизнес құрылымдармен ынтымақтастығын арттыруға қолдау көрсету, «Алматы 2020» қаланың даму Бағдарламасы аясында Алматы қаласының әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындарының санатына қолдау көрсету және проблемаларын шешу арнасында ұжымдық талпынысты біріктіру үшін әлеуметтік серіктестік қатынастарын дамыту және іскерлік байланыстарды орнатуды көрсетеді.

Аталмыш байқаудың ережесі ретінде «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасының және «Алматы 2020» қаланы дамыту Бағдарламасының басым бағыттары ұсынылған. Бұл байқауға – 31 Үкіметтік емес ұйым қатысып, 36 жоба ұсынылған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи