Өнер мен ұятсыздық егіз ұғым...

/uploads/thumbnail/20171025181619095_small.jpg

Өнер мен ұятсыздық егіз ұғым... Иә қазіргі заманда өнер деген қасиетті де, қастерлі ұғымның мағынасы осындай деңгейге түсіп кеткен. Әттең дейсің, пікір білдіресің, алайда қолдан келер пәрмен жоқ. Себебі өнер сөзін «ұятсыздықтың» айналасында ғана түсінетіндер қолдарынан келгенін, ақылының жеткенін жасап жатыр. Мен не үшін осындай пікірге келдім? Жіліктеп көрсетуге, түсіндіруге тырысайын. Өнер сөзі өлеңмен, әнмен, актерлікпен тығыз байланысты екенін білеміз, көріп те жүрміз. Иә, кейбіріңіз қарсы пікір білдіруіңіз мүмкін. Өнер деген тек осы ғана емес. Өнер зергерлікпен де, шеберлікпен де байланысты, алайда қазіргі кезде елдің көзінің алдында, құлағының «түбінде» жүргендері осы ән мен актерлік және кей-кезде өлең.

Қазіргі кезде жоғарыда аталған өнердің түрлері ұятсыздық сөзімен тікелей байланысты. Себебін көпшілік көріп те естіп те жүр. Айтқан сөзімді дәлелдеп көрейін.

Өлең.

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы», деген еді кезінде Абай атамыз. Алайда қиыннан қиыстырып сөз тауып, халықтың мұң-қуанышын қара өлеңмен жеткізетін жас ақындардың саны саусақпен санарлық.  Иә әрине заманауилық деген дүние кез келген салада болу керек, жаңашылдыққа қол созу керек дегенмен келіспесем болмайды. Алайда кейде осы заманауи сөзі біздің елге бақ емес, бәле болып жабысты ма деп те ойлаймын. Себебі заманауилыққа еліктейміз деп өзіміздің дәстүрімізді, менталитетімізді ұмыт қалдырып жатырмыз. Өлеңді сынайтын арнайы кәсіби сыншылар бер екені рас. Өлеңді мен кәсіби түрде сынай алмаспын. Алайда оқырман ретінде сынауға хақым бар деп санаймын. Қазіргі жас ақындардың өлеңі ұйқас не бунақ жағынан емес тақырып жағынан қарап, пікір білдірейін. Жас ақындардың қазіргі хит болған тақырыбы мен мағынасы - «интимдік өлең». Иә айтуға ауыз бармайды, алайда дәл осындай тақырыпта өлең жазған ақындардың шабыты жанып тұр...

Бұл тақырып қазаққа жат екені анық. Бұрынғы сезімін білдіруге ұялатын қазақтың өнерлі ұрпағы екі жастың арасында ғана қозғалатын тақырыпта өлең шығарып, халыққа жар салып жариялап жүр. Шабыты тасып, керемет сезімге беріліп жүрген нәзік, сезімтал ақындарға бұндай тақырыпта өлең мүлдем шығарма деп айтуға құқығым жоқ. Алайда оны жариялауға қандай себеп болды? Бірден ойға келетін жауапты да айтайын. Атақ, даңқ... Интимдік тақырыптағы өлеңді оқырмандар тез жаттайды, көп оқиды. Бұл жерде оқырманның да кінәсі бар. Алайда оқырманның талғамын бұзып, деңгейін түсіріп отырған да ақындар емес пе?

 Бұл тақырыпта жазылған өлеңдерді өнер деп асқақтатудың ешқандай керегі жоқ. Бұл ақындар мен оның жақтастарының сылтауы ғана. Меніңше үйленген жігіттердің барлығының жүрегі ақынның жүрегіндей нәзік, қиялы шексіз болса «интимдік өлеңнің» неше түрлісін шығарар еді. Қазақ ақындары үшін интимдіктен басқа тақырып маңызды болмағаны ма? Интимдік өлеңдерім бар, кәдімгі әдеби түрде жаздым деп мақтанатындарын қайтесіз? Осындай тақырыптағы өлеңдерді көбірек жариялайтын болсақ, «ұят» сөзі қайда қалады? Әлде өнер ұятсыздықтан басталады ма?

Актерлық.

Гамлет боп та ойлайды.
Жүдетіп жұқа жүйкені.
Яго боп та ойнайды.
Өзінен өзі жиркеніп. (Қадыр Мырза Әли)

Кейде әртіс, кейде актер, актриса деп жатамыз. Алайда маңыздысы бұл емес. Қазіргі актер мен актрисалар фильмге түсу үшін ұятсыз эпизодтарда емін еркін рөлге кіріп, ойнай алады. Не деген кәсібилік! «Не үшін дәл осындай рөлдерде ойнайсыз? Ұят емес пе?», - деп сұрақ қойсақ, «бұл – өнер», - деп қысқа ғана кеудесін керіп жауап береді. Бұл өнер болса, көшеде тәнін сатып жүрген түнгі көбелектер өнерлі қыздар екен ғой. Түнгі көбелектер қазіргі актрисалардан 10 есе өнерлі болды. Нәтижесінде, Қазақстанда өнерлі қыздардың саны көп, сонымен бірге оларды тез тауып алуға да болады. Қай жерден екені маңызды емес, маңыздысы түнде ғана таба аласыз.

 Әлде қазақстандық кей актрисаларды түнде, үлкен көшеледің бойынан тауып алды ма екен? Себебі әлгі эпизодтарды ауылдың қызы немесе үйінен қазақи тәрбие көрген қыз ойнамайды. Қазақи тәрбие көрген қызға ұятсыз рөлді ойнайсың, атақ пен ақша сенің қолыңда десе жылап, қашып кететіні даусыз. Бұндай рөлдерді ойнауға түнгі көбелектер ғана ойланбастан келісе кетеді, себебі олардың айырылатын ештеңесі жоқ. Осындай лас дүниені өнерге балап, өнер сөзімен қатар қолданудың кесірінен өнер сөзінің деңгейін таптап, тепкілеп тастадық. Бұл пікірге дауласудың ешқандай қажеті жоқ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи