Алматыда 1-2 желтоқсанда өтетін Synergy Global Forum 2017 шарасына Ник Вуйчич спикер ретінде қатысады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аяқ-қолы жоқ, туабітті тетра амелия кеселіне шалдыққан Ник Вуйчич бүгінде әлемде миллиондаған адамға күш-жігер сыйлаушылардың бірі. Өзінің өмірге деген құштарлығымен көпшілктің көңілінде сенім ұялата білген спикер желтоқсан айында Алматыға келмек.
Айта кетсек, Ник Вуйчич бүгінде екі баланың әкесі. Ник Вуйчич форумға қатысушыларға өмірдегі құнды дүниелердің бағасын білу жайында айтып, адам өміріндегі ең маңызды сұрақтарға жауап береді.
Оставить комментарий