Алматы қаласының 2017 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жайында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Астана қаласында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың биылғы жылғы негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері және таяу арада жүзеге асатын жоспарлар туралы айтып өтті.
«Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығы арқасында еліміз орасан табыстарға қол жеткізді. Алайда, біз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан көрінгіміз келсе, ОЭСР стандарттарына сай реформаларды жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл ең алдымен, өмір сүрудің жоғары деңгейі, жаңа әрі тиімді экономика, ал әкімдер үшін маңызды міндет- өмір сүру стандарттарының сапасын жақсарту. Осы мақсатты іске асыру барысында мемлекеттің ашықтығы, жариялылығы және есеп беруі қағидалары негізінде халықаралық «McKinsey» сарапшыларының қатысуымен «Алматы-2020» бағдарламалық реформасы қабылданды және көпшіліктің кеңінен талқылауынан өтті, қазіргі кезде ойдағыдай жүзеге асырылуда», - деді Бауыржан Байбек.
Мегаполис әкімі быилғы жылы барлық әлеуметтік- экномикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқанын, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4%-ға жеткенін бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары екенін айтты. Негізі капитал инвестициясы 12,8%-ға өсіп, 400,5 млрд. теңгені құрады. Мұнда жеке инвестиция көлемі 80%. Сыртқы инвестициялар 23,5%-ға артты.
Елбасының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар экономиканың өсуіне зор ықпал етті. Соның арқасында тұрғын үй құрылысы төрт есе өсті. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1,8 мың пәтер салынды, осы бағдарлама бойынша биыл 4,5 мың пәтер пайдалануға беріледі және қолжетімді баспана көлемі 1,5 есеге артады. Жеке құрылыс та қарқын алуда, екі жыл ішінде Қалақұрылысы кеңесі жалпы құны 1 трлн. теңге болатын 82 жобаны бекітті.
Өткен жылмен салыстырғанда қаланы абаттандыруға 2,3 есе, жол салуға 1,3 есе,инженерлік желілерге 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Нақтылы шаралардың арқасында қосымша 43 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп.
«Жалпы қаланың экономикалық көрсеткіштері, әсіресе ағымдағы жаһандық экономикалық проблемаларды ескерсек, өте жақсы. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында шаһарымыздың жалпы өңірлік өнімі 4%-ға артып, 4,4 трлн. теңгені құрады» - деді Б.Байбек.
Сонымен қатар ол келер жылы Алматы да жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы кешенді іске қосу жоспарланғанын тілге тиек етті.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы кәсіпкерлікке қатысты айтып өтті.
Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні қалада кәсіпкерліктің 173 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Индустриализация картасы бойынша жалпы құны 36,8млрд. теңге болатын 38 жоба жүзеге асуда, осының арқасында 3 мың жұмыс орны құрылды. Индустриалды аймақта құны 191,3 млрд. теңге болатын 40 жоба қолға алынған және 5 мың жұмыс орны пайда болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бизнес пен тұрғындардың талабы бойынша қалада Алматының Басжоспар Институты құрылды.
«Біздің бағдарламаның басты міндеті - қалада жайлы орта қалыптастыру. Биыл жүйелі жаңғырту жұмыстарын қолға алдық, бүгінгі күні батыстық стандарт бойынша қаланың тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалды. Қалалықтардың орасан қолдауы арқасында бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Райымбек, Достық, Абай даңғылдары мен Есентай өзенінің бойы, яғни тарихи орталықтың тағы да 178 га жері модернизацияланады. Бұл шара қалаға бірыңғай архитектуралық келбет беру үшін жүргізілуде. Біз жаяу жүргіншілер үшін сапалы инфрақұрылым жасаудамыз әрі заңсыз конструкциялар, визуалды көріністер алынып тасталуда. Шындыққа жүгінсек, «келеңсіз экономикамен» күрес жүруде», - деді мегаполис басшысы.
Жалпы,1,3 мың заңсыз киоскілер, ескі үлгідегі билбордтар сүрілді.Бүгінгі күні ірі сауда орындары мен базарларда 40 мыңнан астам адам ашық жұмыс жасауда. Екі жыл ішінде ғана модернизацияға 200 млрд. жеке қаржы салынды. Халықаралық стандарттарға сай 16 ірі сауда кешендері ашылды, бекеттер стихиялы базарлардан арылуда. 1810 көлік бекетінің 40%-ы жаңарды, жыл аяғына дейін олардың қатары 70%-ға жететін болады.
«Қоршаусыз қала» бағдарламасы бойынша 100 км қоршау алынды. Олардың орнына жасыл желектер отырғызылуда. Мысалы, ғимарат иелері 3 мың ағаш отырғызды, бау-бақ орталығы 100 мыңға жуық бұтақтар сатты. Биыл 28 км арық жөнделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп, келер жылы 30 км арық жөндеу жоспарланған. Қалада соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды, яғни әрбір бесінші аула. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады. «Менің ауламдағы спорт» әлеуметтік бағдарламасы аясында 6 мың бала 75 аулалық спорт алаңдарында шынығуда, оларды кәсіби нұсқаушылар жаттықтыруда.Егер бұрынғы жылдары 180 лифт пен 229 көппәтерлі тұрғын үйлер ғана жөнделсе, ал биыл 199 лифт, 151 үй жаңарды. Жаз айларында энергиялық тиімді матерлдардан 774 км желі қайта жасалды. Нәтижесінде апат пен үзіліс 22%-ға, жылу жоғалту 7,4%-ға азайды.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың биылғы жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және таяу арада жүзеге асатын жоспарлар туралы.
Биылғы жылы универсияда мен ЭКСПО көрмесін өте жоғары өткізген Алматы қаласы «Doing Business» жаһандық рейтингінде елімізді 36- орыннан көрсеткен үлкен бизнес орталығы.
Өткен айдың соңында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының алғашқы көшпелі, оған мүше елдердің шекарасынан тыс отырысы – Евразия апталығы тұңғыш рет Алматыда өтті. Оған 13 мемлекет үкіметтерінің мүшелері, елшілер, халықаралық ұйымдардың және іскерлік ортаның өкілдері қатысты. Бұл да еліміздің халықаралық аренадағы лайықты орны мен саяси-экономикалық әлеуетінің жарқын көрінісі, – деді Бауыржан Байбек.
Сонымен қатар, Алматы инвесторлар үшін өте маңызды ерекше жерге орналасқан. Сондықтан да «Алматы 2020» Бағдарламасының басты қағидаларының бірі – бизнес ахуалды жақсарту, қала құрылымын дамыту. Шетелдік капиталмен жұмыс істейтн кәсіпорындардың 40%-дан көбі біздің қалада. Біз олардың әрқайсысына компаниясын, жұмыс орындарын ашқан, қаржы бөлетін, салық төлейтін инвестор ретінде қараймыз. Соңғы жылдары қалаға бірқатар «Tokyo Seiko», «Хикма», «Leory Merlin», «Hertz» сынды бірқатар әлемдік брендтер енді. Инвесторларға «Бір терезе» қағидасы бойынша қалалық қызмет көрсету Орталығы мен Kazak Invest өкілдігі қызмет көрсетеді.
Бизнеске жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілуде, қаржылық ресурстар да оларға қолжетімді. Шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие бөлудің қалалық және мемлекеттік бағдарламалары бойынша мыңға жуық жоба іске асуда. Болашағы зор салаларға гранттар мен субсидиялар, преференциялар қарастырылған, – деп атап өтті Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ ірі мегаполис әкімі индустриалды аймақта жеңілдетілген түрде иннавациялық, сараптамалық, импортты алмастыратын өнім шығаратын өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік беретін дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелері бар екенін, оған 7-і шетелдіктің қатысуымен іске асатын 40 ірі жоба жүзеге асып жатқанына да айрықша тоқталып өтті.
«Smart City»-дің жеті базалық жобасы белгілендігі жайында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында болып өткен есеп беру баспасөз мәслихатында айтып өтті.
«Smart City»-дің жеті базалық жобасы мыналар: мемлекеттік қызмет, қауіпсіздік, көлік, білім, денсаулық сақтау, электронды ПИК, Big Data.«Open Almaty» атты қоғамдық қабылдаудың жаңа форматы ашылды мұнда қала тұрғындарына бір жерден қызмет көрсетіледі.
Қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау мәселелеріне айрықша назар аударылуда. Алматыда жолдарға, аулаларға, мектептерге, сауда орталықтарына 100 мыңнан астам камера қойылған. Соңғы 2 жылда ІІД-нің техникалық жарақтануы 23%-ға артып, 87%-ды құрады. Жергілікті бюджеттен ІІД-не 19 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,6%-ға көп. Жергілікті полиция қызметкерлерін видеорегистраторлармен, байланыс құралдарымен,планшеттермен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Жалпы,қалада тәртіп бұзушылық 8,6%-ға азайды, ауыр қылмыстарды ашу 9%-ға артты. ТЖ-дың алдын алу үшін жергілікті бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінді, яғни 2,6 есе көп. 9 ең қауіпті маренді көлдер бұғақталды, Медеу-Шымбұлақ жолдарының шатқалдары, ГЭС-1 Үлкен Алматы өзенінің жағалаулары нығайтылды. Жалпы ұзынды 11,6 км болатын үш өзеннің жағалаулары қайта жасалды. 2015 жылғы Қарғалы өзені селінің зардаптары жойылып, өзен арнасы заманауи тұрғыда қайта жасалды.
Денсаулық сақтау саласында оң динамика қалыптасты. Өмір сүру ұзақтығы 75,9 жас, бұл - еліміздегі ең үздік көрсеткіш. Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 9,2%-ға артты. Балалар өлімі 2,5 есе азайды.Туберкулёз сырқатына шалдыққандарды амбулаториялық емдеу 2 есе өсті, осы сырқаттан қайтыс болғандар қатары 36%-ға төмендеді. 9 жаңа объектінің құрылысы жүруде, оның бесеуі пайдалануға беріледі, сегіз нысанда сейсмикалық күшейту жұмыстары атқарылуда.2,5 млрд. теңгенің медициналық жабдықтары алынды, жедел жәрдем паркі 25%-ға жаңарды, 40 жаңа замануи көлік алынды. Екі көппрофильді стационарлар базасы негізінде тікұшақ қонатын алаңдар жасалды.
Жеке медицина ұйымдарының тұрғындарға қызмет көрсету үлесі артты.Жеке инвестиция есебінен репродуктивті медицина Институты ашылды. Бүгінгі күні арнайы экономикалық аймақ қағидасы бойынша қалада үздік клиникалардың халықаралық кластерін құру мәселесі қарастырылуда.
Қала мектептерінің физика, химия, биология, лингофон кабинеттері заманауи құралдармен 100% жабдықталған. Мектептердің барлығы кеңжолақты интернетпен толық қамтылған. Алматыда алғаш рет «Maker Space» – бағдарламалардың шеберлік идеясы, роботтехника, 3D принтинг жобасы қолға алынды. Екі жыл ішінде мектептерде 5,1 мың жаңа орындар ашылды. Қазіргі кезде 2 мектептің,2 қосалқы нысанның құрылысы жүруде.
Жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалар саны 12 мыңға артуда, яғни 42 бала бақша қажет деген сөз. Жеке бизнесті ынталандыру арқасында 2 жылда коттедждерде 10,4 мың орынды 262 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері ашылды. Мектеп жасына дейінгі мемлекеттік балалар мекемелерін оңтайландыру барысында тағы да қосымша 1200 орын пайда болды. Соның арқасында бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі тәрбиемен балалардың 81,2%-ы қамтылған,бұл ОЭСР елдері (84%) деңгейімен бірдей. Соңғы екі жылда Қалақұрылысы кеңесінде жеке инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу мәселесі қаралды, соның арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді. Биыл тұңғыш рет бір мезетте 21 мектеп пен 7 мектеп жасына дейінгі мекеме нысандары сейсмикалық жағынан күшейтілді, бұл рекордтық көрсеткіш.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Астана қаласы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қала экологиясы жайында айтып өтті. Сонымен қатар мегаполис басшысы көлік проблемалары мен жолдар салыну ісіне тоқталып өтті.
"Жайлы қаланың басты көрсеткіші - жақсы экология. Бүгінгі күні жеке скетордың 96 пайызы газға көшірілген, 2019 жылдың яағына дейін қала толық газдандырылады. Президенттің тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшіріледі, ТЭЦ-1-ді жаңғыртудың ЖСҚ жасалуда. Келер жылы жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы кешенді іске қосу жоспарланған. Екі жыл ішінде 59 мың жаңа ағаш отырғызылды, жыл аяғына дейін тағы да 15,6 мыңы отырғызылады. «Алматы апортын» қайта жаңғырту үшін 32 га жерге 5,9 мың алма ағаштары отырғызылды. Энергияны жаңарту жобалары - кәріз жүйелеріне биогаз қондырғыларын, Кіші Алматы өзені арнасындағы кіші гидроэлектростанциясына тиімді жабдық орнату қолға алынды", - дейді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, көлік проблемасын шешу экологияны жақсартатыны белгілі. Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам автомобиль жүреді.
"Көлік залалы 80%, сондықтан болашақта қоғамдық көлікті реформалау ісі жалғасатын болады. Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, келер жылы МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК қрылысын қолға алу жоспарланған. Қазір қаланың қоғамдық көлік паркі 1,4 мың бірлікті құрайды, олардың 60%-ы газбен жүретін автобустар мен троллейбустар. Биыл қала автопаркі 530 жаңа автобуспен толығады, олардың 211-і бағыттар бойынша жолға шықты. Екі жыл ішінде «ОҢАЙ!» жүйесі бойынша 20 млрд. теңгеге 350 млн. транзакцияланды. Тасымалдаушылардың негізі табысы екі есе өсті. FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынады", - деп айтып өтті әкім.
Сонымен қатар, қалада ұзындығы 21 км болатын «Орбитадан Көкбазарға дейін» велодәлізі және 68 км веложолдар жасалатындығы тілге тиек етті. Оның айтуынша, «Almaty Bike» велостанциясы 200-ден 1730-ға артқан.
"Кіші көлік айналымы, БАКАД бағыты бойынша үш радиалды жолдар салынды. Үкіметтің қолдауы арқасында Абай даңғылы қала шекарасына дейін үңгіленуде. 30 км жаңа жолдар, жол айрықтары, магистральді көшелер жасалуда,180 км жол орташа жөндеуден өтті, бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда 2 есе көп. 7 көпір жаңарды, 5 өтпелі жол салынды. Ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында бюджет түсімі 5 есе көбейді", - дейді Бауыржан Байбек.
Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жасалып жатқан шаралар жайында айтып өтіп, Елбасының бағдарлмалақы мақаласы аясында біршама істерді жүзеге асыруға баса көңіл бөлініп жатқандығына тоқталып өтті.
Алматы әкімінің айтуынша, қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға айрықша назар аударылған. Бүгінгі күні құны 87 млрд. теңгеден астам 125 жоба қолға алынған.
«Туған жер» жобасына бизнес белсенді түрде араласып, әлеуметтік нысандар салуда. Жеке қаржы есебінен Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхана, 1,2 мың орынды мектеп салынды. Алатау ауданында жеңілатлетті стадион іске қосылды. Болашақта халықаралық деңгейдегі баққа айналатын Алматының Ботаникалық бағын модернизациялау жобасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша киелі жерлер тізімі жасалды, олар 22 объект, оның ішінен 5 объект Қазақстанның киелі жерлер картасына енді», - дейді әкім.
«Бүгінгі күні қала тұрғындарының басым бөлігі - 35 жасқа дейінгі жастар, еліміздің әрбір 3-ші студенті Алматыда оқиды, сондықтан 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасы жасалды. Сырттан келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Қазірдің өзінде 7,8 мың адам жұмысқа тұрды.2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілуде. Қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала алады. «Алматы» ҰК ӘКК» АҚ жастар үшін жатақхана салатын болады. Биыл біз «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана саламыз. Келер жылы 2,4 мың орынды тағы да 2 жатақхана құрылысы басталады», - деп қоса айтып өтті Бауыржан Байбек.
Қалаға қосылған елді мекендерді дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Екі жыл ішінде Алатау және Наурызбай аудандарында әкімшілік- іскерлік орталықтар қалыптасты. Универсиада арқасында 1,7 мың кезекте тұрғандар Атлеттер ауылынан жайлы пәтерлер алды. Жалпы, 9 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 300 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды, оның 42%-ы салық ретінде қайтарылды. Наурызбай ауданы құрылғалы бері 53 млрд. теңге жұмсалды. Қазірдің өзінде бұл қаржының төрттен бірі қайтарылды, ауданында салық түсімі 11 есе өсті. Ауданда әкімдік, АІІД, салық, әділет, сот, прокуратура, ХҚКО, Қазпошта, зейнетақы төлеу ғимараттары пайдалануға берілді.
Алматы қаласында биыл 43 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Нақтылы шаралардың арқасында қосымша 43 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өтті.
Өткен жылмен салыстырғанда қаланы абаттандыруға 2,3 есе, жол салуға 1,3 есе, инженерлік желілерге 1,3 есе көп қаржы бөлінді. Елбасының бастамасмен қолға алынған мемлекеттік бағдарламар бойынша пәтерлер салынып, 120 млрд. теңгені құрайтын 23 жоба іске қосылып, 6,5 мың жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар Индустрияландыру картасында 36,8 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылып, 3 мың жұмыс орнын ашты.
Өнеркәсіптік аймақта жоғары экспорттық әлеуетке және жаңа технологияларға ерекше көңіл бөлінді. Осыған байланысты 191,3 млрд. теңгеге 40 жоба іске асырылуда, оның 15-і белсенді түрде салынуда. Осының арқасында 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.
Пекин қаласымен бірлесе отырып «Asia Steel Pipe» Қазақстанға әкелінетін болат құбырлар нарығының 40% импортын, ал екінші сатысы жапондық «Tokyo Rope» зауытын Алматыда құру жүзеге асты.
Бизнестің жол картасы іске асырыла бастағаннан бері 18,7 млрд. теңге бөлінді, 1 мыңнан астам жоба қолға алынды. Сонымен бірге, жарты жыл ішінде қатысушыларға 31 млрд теңгеден астам салық төленді.
Осылайша, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында барлығы 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жобалар бойынша айтарлықтай экономикалық қайтарымдар қамтамасыз етіледі.
«Қала тұрғындарын және қала маңындағы қалаға келіп жұмыс атқаратын халық үшін қолайлы транспорттық жүйе жүзеге асырылуда» деді қала әкімі Бауыржан Байбек мырза.