13 қарашаға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170902114042518_small.jpg

Антициклонның әсеріне  байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек  солтүстік-батыста және солтүстікте жауын-шашынды ауа райы болады деп хабарлайды Қазгидромет. Республиканың  кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-23 м/с  күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, түнде Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  Ақмола, Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Связанные Статьи