Ресейдің Анадырь қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрттен зардап шеккендер қатарында 4 пен 14 жас аралығындағы балалар бар,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме бере отырып жазады. Төтенше жағдайлар қызметі «егер куәгерлер дер кезінде өрт сөндірушілерге қоңырау шалғанда қайғылы жағдайдың алдын алуға болушы еді»,-дейді.
Куәгерлер төрт қабатты тұрғын үйдегі өртті бірінші фотоға, сосын видеоға түсіріп, интернетке жариялаған. Жеті адам зардап шеккеннен кейін ғана олар өрт сөндіруші қызметке хабарласқан.
РФ-ң Чукотск аймағы бойынша төтенше жағдайлар қызметі:
- Барынша тез қимылдағанның өзінде, дер кезінде хабарласқанда, оқиғаны қайғылы жағдайға жеткізбей, адамдарды құтқарып қалуға болар еді,-деп мәлімдеді.