Мыңдаған филиппиндік қарсылылық танытушылар бүгін Манилада Трамптың жасанды сұлбасына Адольф Гитлерше мұрт қойып, свастиканың белгісін тағып, оны көпшіліктің ортасында өртке орады,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сүйене отырып жазады.

4 метрлік Дональд Трамптың сұлбасы бар портрет АҚШ Президентінің Филиппинге келген іс-сапары кезінде жасалды. Тәртіпсіздікті реттемек болған полиция қызметкерлері біршама қарсылық танытушыларды жарақаттап, оларды көшеден блоктап тастады.

Трамптың үлкен суреті бар плакатты өртегендердің қатарында болған, белсенді Ренато Рейес: «Біздің мақсатымыз Филиппин Президенті Родриго Дутерте мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың арасындағы екіжақты кездесуді болдырмау. Өйткені бұл кездесу Филиппин халқы үшін ешқандай пайда әкелмейді»,-деді.

Жиналған топ АҚШ елшілігіне тап бермек болды, оларға өрт көлігінен су шашылды. Қарсылық білдірушілер тарқатылғаннан соң, 18 жастағы Алексис Дандей былай деді: «Трамп империалист АҚШ-тың басшысы, Филипин мен АҚШ арасындағы серіктестіктің біржақты және әділетсіз болатындығына біз сенімдіміз»,- деді. Видеоны көру үшін мына твит арқылы өтіңіз:
Trump dressed as Hitler burnt on stake in Philippines https://t.co/OvQ9R05Fo5
— Қамшы АА (@qamshy) November 13, 2017
Еске сала кетейік, АҚШ Президенті Манилаға Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының 50 жылдық мерейтойын атап өту шарасына орай келген болатын.