Қазақстанда 32 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Оның 7-сі өмірді сақтандырумен айналысады. Соңғы 9 айдың қорытындысына сәйкес ерікті өмірді сақтандыру сегментіндегі сақтандыру сыйлықақы түсімдерінің жалпы көлемі 24 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың нәтижесіне қарағанда ағымдағы жылдың қорытындысы 19,3%-ға жоғары.
Жылдық өсім байқалған сақтандыру компаниялардың көшін 11,5 млрд теңге қаржымен «Халық-Life» бастап тұр.
Алғашқы үштікке Еуропалық сақтандыру компаниясы және «Номад Life» кірді.
