Қазақстандық блогер Данияр Еникеев Британия тұрғындарының қазақстандық қыздар туралы ойын білді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол еліміздегі бірқатар белгілі бұрымдылардың фотоларын жүргіншілерге көрсетіп, қай елдің азаматшасы екенін сұрады. Олардың ішінде продюсер Баян Есентаева, әнші Ерке Есмахан, сәнбике Айя Шалқар, тележүргізуші Дарья Александрова, волейболшы Сабина Алтынбекова, актриса Бибігүл Сүйіншалина, әнші Татьяна Моргунова бар. Сауалнамаға әртүрлі жастағы адамдар қатысты. Олардың ешқайсысы жоғарыда аталған сұлулардың Қазақстандікі екенін таба алмады. Сауалнамаға қатысушылар түрлі елдерді атады. Оның ішінде Франция, Корея, Қытай, Испания, Таиланд және т.б елдер бар.
Данияр Еникеев суреттегі қыз, келіншектердің барлығы бір елдің тумасы екенін естігенде сауалнамаға қатысушылар таң қалды. Араларында Қазақстанның қайда екенін білмейтіндер де болды.