Филиппинде лай көшкінінен кем дегенде 26 адам қаза тапты. Тағы 23 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме беріп хабарлайды. Табиғат апатына елдің орталық аудандарында ойран салған «Кай-Так» тропикалық дауылы себеп болған. Жел электр желілерін үзіп, кесірінен 39 елді мекен тұрғыны жарықсыз қалды.
Табиғат апатынан әуе желілері де жұмысын тоқтатты. 90 мыңға жуық тұрғын үй-күйін тастап, уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр. Алдағы уақытта Филиппин президенті РодрИго ДутЕрте жапа шеккен өңірге барып жағдайды өз көзімен көріп қайтуды жоспарлап отыр.