ЖЭО-1 және ЖЭО-2 көздерінде автоматтандырылған датчиктерді орнату жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Алматы қаласы ӨКҚ –де Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Орман Ақкозиев мәлімдеді.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бес бағытының бірі - инновациялық экожүйені құру - бизнестің, ғылыми саланың және мемлекет арасындағы тұрақты көлденең байланыстары бар технологиялық кәсіпкерлікті және инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағытын құру. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен осы жылы Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді және оны 2019 жылы Парламентке ұсынуды жоспарлап отыр, алайда еліміздің табиғатты қорғау заңнамасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) нормасына енгізу, табиғат пайдаланушыларды «жасыл» технологияларды енгізуді ынталандыруду қажет етеді,-дейді ол.
Кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтары 1000 метрден асады, бір санитарлық қорғау аймағында бірдей ластаушы ингредиенттерді шығаратын бірнеше кәсіпорын бар. Сондықтанда қандай кәсіпорыннан атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар шығарындыларынан асып түсетінін нақты анықтау мүмкін емес және олар бойынша шаралар қолдану қиындай түседі.
Осыған байланысты, 2018 жылдың қаңтар айында «Алматы электр станциялары» АҚ-мен Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 көздерінде автоматтандырылған датчиктерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта жұмыс болашақтада жалғасады.
Бүгінде адамзат өзінің өмірлік әрекетін қоршаған ортаға зиян келтірместен ойластырған түрде жүргізу керек екендігін ойластыру керек,-деп сөзін қорытындылады.
Бір жақты қозғалысты жолдар, жаяу жүргіншілерге арналған аймақтар, велосипед жолдары, метрополитен құрылысы – экологиялық қауіпсіздік үшін.
Алматы қаласының Әкімдігімен «Алматы 2020» Даму бағдарламасына сәйкес, автомобиль көлігі, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жеке меншік сектордың қоршаған ортасына теріс әсерін төмендетуге бағытталған түрлі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда,-деп мәлімдеді Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Орман Ақкозиев Алматы қаласы ӨКҚ –де өткен брифингте.
Оның айтуынша, тиімді жол айырықтар салынды, жекелеген жолдар мен бір жақты қозғалысты жолдар ұйымдастырылуда, жаяу жүргіншілерге арналған аймақтар бөлінуде, велосипед жолдары салынуда, метрополитен құрылысы жүргізілуде, муниципалды және жеке автокөліктерді газға ауыстыру жұмыстары жүруде, қоғамдық көлік құралдары Еуро-5 автобустарына жаңартылуда, жеке секторды газдандыру және көптеген басқа жобалар іске асырылуда.
Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы ережелерін іске асыру үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әзірленуде. 2017 жылы Алматы қаласының әкімімен бұл мақсатта 150 млн. теңге көлемінде қаражат бөлді.
Нысаналы көрсеткіштер экологиялық мәселелерді шешуде, басымдылықты орнатуға және халықтың денсаулығына кері әсерді болдырмауға мүмкіндік береді,-дейді департамент басшысы.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша Алматыда атмосфералық ауаның ластануы төмендеген.
Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Аққозиев Орман Сейілханұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы - Дүйсеков Бейбіт Бақуадинұлы, Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы - Қамбетов Талғат Мұсаұлы қатысты.
Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы О.Аққозиевтің айтуынша, Алматы қаласы - республикалық маңызы бар Қазақстандағы ең ірі мегаполистердің бірі. Атмосфералық ауаның ластануы қаладағы ең маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Қаланың табиғи және климаттық ерекшеліктері, аумақтың табиғи тазарудың төмен деңгейі атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етіп, түтіннің пайда болуына әкеліп соғады.
Жылу электр станцияларынан, өнеркәсіптік кәсіпорындардан, автокөлік құралдарынан және жылу үшін қатты отын пайдаланатын жеке сектордан шығатын шығарындылар атмосфералық ауаның ластаушы заттарының негізгі көздері болып табылады.
Қалада қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін Департаментпен қоршаған ортаны қорғаудың барлық салаларында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Осы жасалған жұмыстардың нәтижесінде, соңғы жылдары атмосфералық ауаға техногендік жүктеменің төмендеуі байқалуда. Қазгидрометтің мәліметтері бойынша атмосфералық ауаның ластануының индексі (АЛИ) 5-ке дейін төмендеген (2009 жылы – 12.8, 2011 жылы – 9.1, 2016 жылы - 7, 2017 жылы - 5).
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша стационарлық көздерден жалпы шығарындылар көлемі 2014 жылы - 43,5 мың. тоннаны, 2015 жылы - 39,1 мың. тоннаны, 2016 жылы - 38,8 мың. тоннаны құрады. Осылайша, жыл сайын атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемінің төмендеуі байқалуда,-деп атап өтті департамент басшысы.