ОҚО-да мектеп оқушылары сабақты ашық аспан астында оқыды

/uploads/thumbnail/20180530104228769_small.jpg

Төлеби ауданындағы Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта мектептің оқушылары Есімхан ордасы төбешігінде «Есімхан тұсындағы қазақ хандығы» тақырыбында ашық сабаққа қатысты.

Елбасының бағдарламалық мақаласында патриотизм туған жердің тарихын танып, білуден басталатыны айтылған. Осыған орай, «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің қолдауымен мектеп оқушыларына Қазақстан тарихы пәнін киелі жерлерде оқыту арқылы өлкенің тарихын, ондағы болған оқиғалардың ерекшеліктерімен таныстыра отырып, киелі орындарды зерттеу арқылы танымын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрету іс-шарасы қолға алынды.

Өлкетанушы Өмір Шыныбекұлының айтуынша, археолог -ғалымдар Кеңесарық ауылындағы Төрткүлтөбені тарихи орын екендігін бұдан бұрын да айтып, заңды түрде дәлелдеп қойған. Деректерге сүйенсек, Есім хан жаугершілік заманда өз ордаларының бірін дәл осы Төрткүлтөбенің маңынан тіккен екен. Ал тарихи нысанның хронологиялық шеңберіне көз жүгіртсек, сонау Түркеш қағанатымен астасып жатқаның байқауға болады. Моңғол-татар шапқыншылығы кезінде бұл төбе маңындағы мәдениет жермен-жексен болған екен. Мұндағы табылып жатқан құмыраларды археолог мамандар шамамен екі мың жыл бұрын жасалған деген болжам айтуда. Ал, жалпы, мұндай жәдігерлердің Кеңесарық тұрғындары арасында біразы кездеседі, ішіне адам сыйып кететін құмыраның табылғанын білеміз.

- «Есімхан тұсындағы қазақ хандығы» тақырыбында өткен ашық сабақ маған ұнады. Бұған дейін мұндай сабақ өткізілмеген. Сыныптан гөрі киелі, тарихи орында өткен сабақтан алған әсеріміз мол. Мұғалім бізге қасиетті жердің тарихын, оның шығу себебі тұралы толық мағлұмат берді- деді мектеп оқушысы Жақсылық Дастан.

Связанные Статьи