Қырғызстан экс-премьері Сапар Исаковқа айып тағылды

/uploads/thumbnail/20180530112629813_small.jpg

Қырғызстанның экс-премьер-министрі Сапар Исаков «Жемқорлық» бабы бойынша айыпты деп танылды.

Тергеушілердің болжамынша, Сапар Исаков 2013 жылы Қырғызстан президенті аппаратында сыртқы саясат бөлімінің басқарушысы болып тұрған кезінде «Бішкек қаласы ЖЭС-ін модернизациялау» жобасын жүзеге асыру барысында мердігерді байқуда іріктеп алу кезінде шетелдік компаниялардың мүддесін қорғаған. Бұл әрекеті арқылы Исаков мемлекетке ірі клемде шығын әкелген.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекетік комитетінде тергелер алдында журналистерге өзін ұстауға қандай да бір себеп болу керектігін айтқан. «Бұл – әдеттегі процедура» деді экс-премьер журналистерге.

Исаков кезекті рет Қырғызстан ҰҚК тергеуіне шақырылды. Бұдан бұрын 26 сәуірде шақырған. Арнайы қызмет ғимаратында екі сағат уақыт болған Исаков журналистерге бәрінің жақсы екенін, Бішкек ЖЭС-ін модернизациялау ісі бойынша шақырылғанын мәлімдеді. 14 мамырда ҰҚК тергеуіне екінші мәрте барды.

Азаттыққа берген сұхбатында бұрынғы премьер-министр жемқорлыққа еш қатысы болмағандықтан ештеңеден қорықтпайтынын айтты. Сонымен қатар ол өзін ұстауы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Связанные Статьи