Адвокат Абзал Құспан депортация жасалады деген Сайрагүл Сауытбаймен кездесті (видео)

/uploads/thumbnail/20180529144746675_small.jpg

22 мамырда тұтқындалып, Қытайға депортация жасалады деген Сайрагүл Сауытбайдың жағдайымен заңгер Абзал Құспан танысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желіде жариялаған видеода белгілі болды.

Айта кетсек, отбасы Қазақстан азаматтары болып саналатын, Қытай шекарасынан заңсыз өтті деп айып тағылған Сайрагүл Сауытбайдың туыстары видео мәлімдеме жасаған еді. Қытайға күштеп қайтарғалы жатыр деген ақпарат қоғамда дүмпу туғызған болатын. 

Жаркентте уақытша қамауда отырған Сайрагүлмен кездескен адвокаттың айтуынша, оның денсаулығы жақсы, өзі үшін алаңдаған қазақ жұртына ризалығын айтқан. Қажетті заттарды кіргізуге рұқсат етілген. 

Қазір Сайрагүлдің үстінен Қазақстанның қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазірге Қытайға бере салады деген қауіп жоқ. 

Естеріңізге салсақ, аталған ақпарат шыға сала Qamshy.kz ҰҚК-ге арнайы сауал жолдап, мәселе көтерген болатын. 

Связанные Статьи