Елбасы Қазақстанның Грузиядағы елшісін тағайындады

/uploads/thumbnail/20180531112500020_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Мұхаметжановты Қазақстанның Грузиядағы елшісін тағайындады. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Связанные Статьи