Астанада жолақы 200 теңгеге қымбаттай ма? Исекешев жауап берді

/uploads/thumbnail/20180531151015284_small.jpg

Астана әкімі соңғы кездері қоғамда қызу талқыланып жатқан жолақыны 200 теңгеге дейін көтеру мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«2014 жылдан бері тариф бағалары көтерілген жоқ. Ол уақыттан бері екі рет девальвация болды. Жанармай бағасы көтерілсе де, тариф сол қалпы болды. Қазіргі уақытта автопарктермен экономикалық модель мәселесін талқылап жатырмыз. Объективті баға беру үшін банкирлерді де шақырдық. Мәслихатта сөз болған тариф мөлшері субсидияны төлеу үшін маңызды екенін түсіну керек. Автопарктер 300, 500 теңгеге дейін ұсынды. Бірақ біз 200 теңгеге тоқталдық. Ол есептік тариф жанармай сатып алуды, жүргізушілер, кондукторлардың айлығын, транспортты жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету керек», - деді елорда әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Исекешевтің айтуынша, бұл мәселе алдымен қоғамдық кеңесте, сарапшылар кеңесінде, мәслихатта, кейін әкімдікте талқыланады, тек содан кейін шешім қабылданады.

«Біз биыл жолақыны көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Төлем картасы бойынша қала тұрғындары әдеттегідей 90 теңге төлейді. Бірақ біз сараланған тарифті енгіземіз, ол 180 теңге шамасында болмақ. Яғни, картамен төлем жасағысы келмейтіндер қолма-қол ақшамен 180 теңге төлейтін болады. Меніңше, төлем картасын сатып алып, сол арқылы есеп айырысқан ыңғайлы. Қазіргі уақытта төлем офистерін кеңейту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бәрі енгізілгенде шамамен шілденің ортасына қарай әр тұрғын карта сатып алып, 90 теңгемен жүре алады», - дейді әкім.

Бұдан бұрын, Астанада қоғамдық көліктерде сараланған тариф енгізу жайлы хабарланған. «Астана LRT» ЖШС басқармасының өкілі Бекмырза Игенбердиновтің мәлімдеуінше, тұрғындар төлем картасы арқылы 120 теңге, ал қолма-қол ақшамен 200 теңге төлеу керек.

Связанные Статьи