ҚР Бас санитариялық дәрігері менингитке қатысты видеоүндеу жариялады

/uploads/thumbnail/20180603103126467_small.jpg

ҚР Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин менингит инфекциясы туралы Whatsapp желісінде таралып жатқан ақпаратқа байланысты қазақстандықтарға видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бекшин Whatsapp желісінде белгісіз әйелдің балалары балабақшаға баратын ата-аналарды менингитке қарсы антибиотикпен емделуге шақырған аудиожазбаның тарап жатқанын айтады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің бас санитариялық дәрігерінің мәлімдеуінше, бұл ақпарат расталмаған.

"Менингит жайлы желіде тарап жатқан қауесетке сенбеулеріңізді сұранамыз. Тек қана министрлік тарапынан айтылған ақпаратқа сеніңіздер", - дейді Бекшин.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жыл сайын Қазақстанда менингит диагнозымен 62-ден 424-ге дейін науқас тіркеледі.  Сонымен қатар, бұл диагноз түрі адам тығыз орналасқан мемлекеттерде де өршіп тұр. Мысалы, 2018 жылдың бірінші маусымында Ресейде - 257, Арменияда - 31,  Грузияда - 39 адам өлімі тіркелген. Бұл менингит дертінің әлемде қатты өршіп тұрғанын білдіреді. 

"Әдетте адам өліміне алып келетін барлық сырқат медициналық көмекке кеш жүгінгеннен болады. "Уақыт, ал сырқат одан да жылдам асқынып кетуі мүмкін"-, деп атап өтті дәрігер.

Жандарбек Бекшин медициналық тұрғыдан рұқсат етілген профилактикалық шараларды атап берді: мүмкіндігінше адам көп жиналған орындарға, ойын-сауық, сауда-саттық кешендеріне бармау, ауасы тар, желдетілмейін орындардағы шараларға қатыспау, метрода, қоғамдық көлікте, бір рет пайдаланылатын бетперде тағып жүру, жатын бөлмелерді жиі желдету, үйде дезинфекциялау құралдарымен дымқыл тазалық жұмыстарын жүргізу.

"Түшкіру жиілеп, жөтел пайда болса, тамағыңыз ауырса, қызуыңыз көтерілсе, денеңізге бөртпе шықса - дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіздер. Мүмкіндігінше суықтамауға тырысып,аштықтан, ұйқысыздықтан, стресттен сақтаныңыздар", - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

 

 

Связанные Статьи