Алматыда бес қабатты үй өртенді

/uploads/thumbnail/20180618093436321_small.jpg

Алматының орталығындағы бес қабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үй Жамбыл мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Құтқарушылардың дерегіне сүйенсек, өрт аумағы 200 шаршы метрді құраған.

Үйден 100-ге жуық тұрғын эвакуацияланды, оның 20-сы балалар. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіру қызметіне 40 адам мен 17 техника жұмылдырылды.

Таңғы сағат 8.43-те өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

Өрт

Связанные Статьи