Жапонияның шығысында таң ертең магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Киодоға сілтеме жасап.
Жер сілкінісі кезінде 3 адам мерт болды. Такацуки қаласында 9 жастағы қыз үйіндінің астында қалған. Екі ер адам Осака қаласында көз жұмды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, жараланғандардың саны 91 жеткен. Оның эпицентрі Осаканың солтүстігінде 13 шақырым тереңдікте жүріп өтті.
Пойыздар уақытша жұмысын тоқтатты. Осака мен Хёгода 170 мың үй мен пәтер жарықсыз қалды.
Үкімет жер сілкінісі салдарын жою үшін арнайы штаб құрды.