Оралдағы мамандандырылған ХҚКО онлайнға қосылды

/uploads/thumbnail/20180525133018883_small.jpg

Орал қалаcындағы мамандандырылған ХҚКО онлайн режімде қызмет көрсете бастады. Өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Евгений Козлов, Глеб Щегельский, Сергей Симонов, Снежанна Имашева Зашаған кентіндегі аталмыш  орталықтың қызметімен  танысты.

Орал шаһарындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына онлайн режімде жүргізуші куәлігі мен жеке көлікті есептен шығару үшін  үйде отырып-ақ өтініш жіберіп, дайын құжатты орталықтан немесе Қазпошта арқылы алуларына болады. Жергілікті тұрғындар үшін бұл уақыт үнемдеудің тиімді жолы табылады. Мұнда  азаматтар жеке  көліктерін 90 минуттың ішінде тіркеп, жүргізуші куәлігіне екі сағатта  қол жеткізе алады.  Орал қалалық мамандандырылған ХҚКО-ның жетекшісі Луиза Құсайынованың  айтуынша, мұнда күніне шамамен 500-600 тұрғынға қызмет көрсетіп, айына сегіз мыңға жуық өтініштерді қабылдайды. 

– Мамандандырылған ХҚКО алғаш Қарағандыда  ашылған болатын. Бүгінде еліміз бойынша барлық өңірде бар.  Бұл орталық – солардың ішіндегі ең жаңа әрі халыққа қызмет көрсету орталықтарының ішіндегі үздіктерінің бірі. Орталық ғимаратының іші өте кең, ауласында көлік жүргізушілер үшін барлық жағдай жасалған. Электрондық қызмет стандарттарға сай жұмыс істеуде. Электронды кезекте жүйелі жолға қойылған. Мұндай орталықтар тұрғындар үшін тиімді, – деді ҚР Парламент мәжілісінің  депутаты  Снежанна Имашева.

Депутаттар кездесу барысында Елбасы жариялаған  әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылу барысы, цифрландырудың тиімділігі  туралы айтып, арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына  оӊ бағасын берді.      

Оставить комментарий

Связанные Статьи