Алматы метросы Қазақстандағы тұңғыш, Орта Азиядағы екінші және ТМДдағы он алтыншы метро.
Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте "Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік техникалық департаментінің директоры Арисова Жамиля Мұратқызы айтты.
Оның айтуынша, Алматы метросының бірінші кезегінің алғашқы торабы 2011 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілді. Ұзындығы 8,56 километрлік тұңғыш метро жолы 7 бекетті қамтыды: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай»,«Байқоңыр», «М. Әуезов атындағы драма театры», «Алатау».
«Алматыметроқұрылыс» АҚ Алматы метросының бірінші іске қосу кешені бойынша екінші кезектегі алғашқы желіні тәмәмдады.
Бірінші іске қосу кешеніне қарасты «Алатау», «Сайран», «Мәскеу» бекеттерінің тоннельдерін ұңғылау, «Сайран» бекетінен «Мәскеу» бекетіне дейін №121,122 төменгі айналмалы желдетпе оқпандарын қазу жұмыстары жасалды.
Бірінші іске қосу бөлігінің ұзындығы 2,73 км, пайдалануға берілетіні 2,5 км. Орташа тереңдігі – 14 метр шамасында.
Алматы метрополитенінің бірінші бөлігінің екінші кезегіндегі алғашқы желі 2015 жылдың 18 сәуірінде пайдалануға берілді. «Алматыметроқұрылыс» Акционерлік қоғамы қазіргі кезде екінші бөлік бойынша екінші кезектің алғашқы желісінің құрылысын жүргізуде. Екінші кезектегі екінші іске қосу кешені Абай даңғылының астымен өтетін екі бекетті желіні қамтиды. Жұмыс барысында жергілікті жер жағдайы, инженерлік геологиялық ерекшеліктері және қала құрылысы факторлары ескерілді. Күрежолдың ең жоғарғы бағыты – 34 ‰, ең кішісі – 3 ‰–ды құрады. «Сарыарқа» мен «Достық» атты желілер шығыстан батысқа қарай созылады.Алтынсарин даңғылы мен Өтеген батыр көшелері аралығындағы «Мәскеу» бекеті тоннеліндегі құрылыстың басталуы, Момышұлы мен Яссауи көшелерінің аралығындағы аумақта екінші бөліктің іске қосу кешені құрылысының тәмамдалуы.
Алматы метросы Қазақстандағы тұңғыш, Орта Азиядағы Ташкенттен кейінгі екінші және ТМДдағы он алтыншы метро болмақ.
2002 жылы метро құрылысы ірі инвестициялық жоба ретінде жарияланып, ҚР Президентінің бұйрығы бойынша Алматы қаласын өркендетудің 20032010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілуі, қосымша қаржы бөлінуі метро құрылысшалары үшін бетбұрыс кезең болды. Тұтас алғанда қаржыландыру көлемінің ұлғаюы құрылыс жұмыстарының көлемін арттыруға, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік туғызды.
Алматы метросын салудағы ең бір күрмеуі қиын күрделі жағдай қаланың жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты. Қала тоғыз балға дейінгі қуатты жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта орналасқан. Сейсмикалық қауіпті аймақта құрылыс жүргізу үшін құрылыс технологиясының талаптары қатаң сақталуы тиіс- деп сөзін аяқтады Ж.Мұратқызы.
Оставить комментарий