Алтынсарин және Яссауи бекеттерінде жолаушылар саны 85000-ға жетеді

/uploads/thumbnail/20180825133014272_small.jpg

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Метрополитен» КМК күрделі құрылыс қызметінің бөлім басшысы Сейтқұлов Мақсат хабарлады. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда екінші іске қосу кешенінің құрылысы жүргізілуде, метрополитеннің бірінші желісі екінші кезегінің екінші іске қосу кешенінің учаске трассасы Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта Абай даңғылы астында орналасқан. Аралық тоннельдер және пилон типті терең төселген - Сарыарқа бекеті және төмен төселген - Достық бекеті екі бекеттен тұрады.Екі жолтабанды есептегенде құрылыс ұзындығы – 3,08 км құрайды.

Екінші іске қосу кешенін пайдалануға бергеннен кейін метрополитен қызметтеріне сұраныстың болжамды есептерінің қорытындылары бойынша күнделікті жолаушылардың күтілетін саны 85 мың адамнан асады. Ол метрополитенде жолаушылар тасымалын елеулі арттырады және Абай даңғылын бірнеше мәртеге жеңілдетеді.

Сарыарқа бекеті «Фэмели» паркінің жанында орналасқан, бекет  қаланың халық тығыз орналасқан елді мекендерінің бірін №3, 4, 5, 6, 7, 8, 12 шағын аудандарын қамтиды.

Екі жерасты вестибюлі және кіре берісі бар Достық бекеті Момышұлы көшесінен батысқа қарай жүріс бөлігінің астында Абай даңғылының бойында орналасқан. Бекет Жетісу, Жетісу-2, Жетісу-4, Мамыр, Мамыр-5, Мамыр-7 шағын аудандарын қамтиды.

Алматы метрополитені құрылысының бірегейлігі аса күрделі геотехникалық факторлар кешенімен анықталады:

  1. Солтүстік Тянь-Шаньның күрделі аймақтық геодинамикасы;

Аумақтың жоғары сейсмикалылығы MSK шкаласы бойынша 9-10 балл.

  1. Тау аралық шұңғыманы тәрізді еңіс бедері бар бау бөктері.
  2. Топырақ әртүрлі, беріктігі төмен, едәуір мөлшердегі қойтастардан жасалған малта тастар.

2016 жылғы 24 қарашадағы «Сарыарқа» және «Достық» бекеттерінің интерьерін бекіту бойынша эскизді жобаларды қарастыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасында келесі жұмыстар жеңімпаз болып белгіленді және әрі қарай жобалауға ұсынылды:

  • «Сарыарқа» бекеті бойынша №2-нұсқа - жоба авторлары «Метропроект» ЖШС сәулетшілері М.П.Фролов және И.Л.Антонова.

Бекет интерьерлерінің сәулет-көркемдік безендіру кезіндегі негізгі идеясы- Сарыарқаның кең ауқымды сұлулығын және бірегейлігін көрсету. Панно фоны көмескі жарығы бар мәрмәр оникстен жасалған- деп атап өтті М.Бақытұлы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи