Сомалар алдын ала жазылған шарттармен кінәні мойындау – Боқаевтың ісі бойынша сот жалғасып жатыр

Фото:

 

 

Алматы қаласының Алмалы аудандықсотында Санжар Боқаевқа, оның жиені МадиярҚалменовке және жеке мобилографы ҰланНүсіпқожаға қатысты қылмыстық іс бойыншакезекті сот отырысы басталды. Сотталушыларғаалаяқтық, қылмыстық жолмен алынған кірістердізаңдастыру, ұрлық, ағаштарды заңсыз кесу жәнекөрінеу жалған ақпарат тарату айыптарытағылып отыр.

Санжар Боқаевқа аталған бес баптыңбарлығы бойынша айып тағылса, МадиярҚалменов алаяқтық және қылмыстық жолменалынған ақшаны заңдастыру эпизодтарыбойынша, ал Ұлан Нүсіпқожа ұрлық, ағаштардызаңсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат таратуфактілері бойынша айыпталуда.

Бұған дейін, 27 қазанда өткен сот отырысында куәгерлерден жауап алынғанболатын. Олардың айғақтары мемлекеттікайыптау тарапының нұсқасын, яғни«ҚазТрансГаз» кәсіподағының қаражатыесебінен автошеру ұйымдастыруға арналғаншарттардың жалған сипатын толық растады.

Атап айтқанда, кәсіподақтың бұрынғытөрайымы Зәуреш Маханова жобаға «BM Trust» және «We Can» компанияларын тартубастамасын Санжар Боқаев көтергенінмәлімдеді. Оның айтуынша, Мадияр Қалменовалдын ала әзірленген, сомалары көрсетілгеншарттарды әкеліп отырған, ал орындалғанжұмыстардың актілерін ол жеке Боқаевтыңкабинетінен өзі алып кетіп жүрген.

Сондай-ақ, 2018 жылы «ҚазТрансГазӨнімдері» ЖШС-нің корпоративтік даму жәнеактивтерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарған Талғат Арыстанбаев соттакуәлік етті. Ол автошерудің ұйымдастыружұмыстарымен іс жүзінде тек «We Can» компаниясы айналысқанын растады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰланНүсіпқожаның адвокаты өз қорғауындағыазаматтың тағылған айыптарды мойындауғажәне болған оқиғаның мән-жайлары, соныңішінде Санжар Боқаевқа қатысты жайттартуралы айғақ беруге дайын екенін мәлімдегенболатын.

Связанные теги :

Связанные Статьи