Арман Қырықбаев «Мерейлі отбасы» ұлттықбайқауының жеңімпаздарын құттықтады

Фото:

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттықбайқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміөтті. Байқауда еліміздің әр өңірінен адалеңбегімен және ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесіменкөпке үлгі болған 20 отбасы жеңімпаз атанды.

Салтанатты жиынның құрметті қонақтарықатарында Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жанындағы Әйелдер істері жәнеотбасылық-демографиялық саясат жөніндегіұлттық комиссияның мүшелері, Құрылтай, Қазақстан Халық Кеңесі, Аналар кеңесі мен Әкелер одағының өкілдері және белгілі қоғамқайраткерлері болды.

Жеңімпаздарды Қазақстан РеспубликасыныңМәдениет және ақпарат министрі АрманҚырықбаев құттықтап, өз сөзінде отбасыныңрухани құндылықтарды сақтаудағы және ел келешегін қалыптастырудағы айрықша орыналатынына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан халқына Жолдауында адами әлеуеттіарттырудың және өскелең ұрпақтың жан-жақтыдамуына жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Адалдық пен мейірім, еңбекке құрмет бала бойына ең әуелі отбасында сіңеді. Үлкендердіңкүнделікті өнегесін көріп өскен ұрпақ солқасиеттерді өміріне серік етеді. Әділеттіқоғамның негізі де осындай тәрбиеден қаланады.

Бүгін біз осы құндылықтарды өнегеліөмірімен танытып жүрген отбасыларға құрметкөрсетіп отырмыз. Әр шаңырақтың өмірдентүйген тағылымы, берік ұстанған дәстүрі мен көпке үлгі болар игі істері бар. Сіздердіңеңбектеріңіз бен игі істеріңіз арқылы жас ұрпақотбасының қадірін, сыйластықтың мәнін, елгеқызмет етудің маңызын түсінеді. Сондықтаносындай әулеттердің өмір жолы көпшіліккекеңінен таныстырылуы тиіс», – деді АрманҚырықбаев.

Президенттің 2026 жылғы 28 қазандағыЖолдауында адам капиталын дамытуға жәнесаналы ұрпақ тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы бала тәрбиесі мен оныңөмірлік ұстанымын қалыптастыруға отбасы, мектеп, ұстаз және оқушының өзі бірдейжауапкершілікпен қарау керектігін айтты. Осы тұрғыдан отбасы институтын нығайту, ата-ананың жауапкершілігін арттыру және ұрпақтарсабақтастығын сақтау бүкіл қоғам үшін маңызды.

«Мерейлі отбасы» байқауы ата дәстүрдісақтап, ұрпаққа өнегелі тәрбие бергенотбасыларды көпшілікке үлгі етуді мақсат етеді. Жеңімпаздар қатарында көпбалалы және бала асырап алған отбасылар, еңбек пен өнер жолынұрпақтан ұрпаққа жалғаған әулеттер бар. Қоғамдық өмірге белсене араласып, туғанөңірінің дамуына үлес қосып жүрген отбасыларда марапатталды.

Жеңімпаз атанған 20 отбасының әрқайсысынаестелік мүсінше мен 2 миллион теңгеніңсертификаты табысталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұлттық байқауадамгершілік құндылықтарды нығайтуға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айшықтауға, өнегелі отбасылардың тәжірибесін дәріптеугежәне отбасындағы дәстүрлерге құрметпен қарауғабағытталған.

Байқау басталғалы оған еліміздің барлықөңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

 

Связанные теги :

Связанные Статьи