Соңғы үш жыл ішінде Алматыда 19 мың орынды 500 бала-бақшалар ашылды

/uploads/thumbnail/20180828153027801_small.jpg

Бүгін Республика Сарайында жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Қаланың педагогика өкілдерімен кездесу барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполисте тек бес жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру 27 млрд. теңгеге немесе 37%-ға өскенін айтты. Ал биылғы жылғы бюджет 72,5 млрд. теңгені құрады.

Өзінің сөзінде білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты. Биылғы жылы құрылыс пен күрделі жөндеуге 17 млрд. аса теңге бөлінді.

Мысалы, 1840 орынды 9 мемлекеттік бала бақшаның құрылысы жүруде. Жаңа оқу жылында 840 орынды тағы 4 мемлекеттік бала бақшаның құрылысы басталады.

№26 мектептің ескі ғимараты қайта жөнделді. 90 орынды коррекциялық мемлекеттік балабақша ашылды. Алатау ауданындағы №151 мектеп жанынан 600 орынды қосалқы нысан пайдалануға беріледі. Оқу жылының екінші тоқсанының басында мұнда №184 мектеп жанынан 600 орынды және 185 мектеп жанынан 400 орынды қосалқы нысандардың құрылыстары басталады.

«Жаңа оқу жылының басында Наурызбай ауданында инклюзивті білім беру үшін барлық жағдайлар жасалған 1200 орынды заманауи мектеп- гиназия ашылады. Мектеп қажетті заттармен толық жабықталған, мұнда тактильді жол, лифт, арнайы санитарлық бөлмелер, шақыру нүктесі бар. Мүмкіндігі шектеулі балаларды біз өзгелерден бөлмейміз, оларға ортақ коммуникативті кеңістік тудырудамыз, яғни өте маңызды міндет –балдырғандардың бойына жастайынан толеранттық тәртіпті қалыптастырудамыз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жалпы соңғы үш жыл ішінде Алматыда 18790 орынды 483 мемлекеттік және жеке бала бақшалар ашылды. Осы уақыт ішінде 3 мемлекеттік , 9 жеке мектеп салынды, 8698 балаға арналған қосалқы нысан іске қосылды.

Қала басшысы мектептер мен бала бақшалардағы орын тапшылығына назар аударды. Мысалы, орта білім беретін оқу орындарында 17 мыңнан астам орын жетіспейді.

«Мұндай тапшылықты тек бюджет қаржысымен шешу мүмкін емес. Сондықтан біз мемлекеттік –жеке серіктестік механизмін пайдалана отырып, бұл іске бизнесті кеңінен тартудамыз. Тек соңғы үш жыл ішінде ғана Қалақұрылысы кеңесінде инвесторлар 9 мың орынды 71 бала бақша салуға міндеттенді. Біз бұл практиканы одан әрі жалғастырамыз. Мысалы, «Базис-А» компаниясы орталықтағы балалар тығыз орналасқан 4 мектепке қосымша оқу корпустарын салып береді. Биылғы жылы 2,3 мың орынды 71 жеке бала бақша және 2,5 мың орынды 5 жеке мектеп ашылды», - деді ол.

Мегаполис әкімі өзінің сөзінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Алматы тау етегіне орналасқан, сондықтан ата- аналарды мектептер мен бала бақшалардың сейсмикалық қауіпсіздігі алаңдатады.Біз тиісті жұмыстарды жүргізудеміз. Мысалы, мен жоғарыда атап өткен Наурызбай ауданындағы жаңа мектеп сейсмикалық қауіпсіздік талаптарының бәрін сақтай отырып салынған, тіпті құрылымсыз қауіпсіздік те ескерліген. Мұндай жұмыстар барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асуы тиіс. Біз өткен жылы алғаш рет білім берудің 28 обьектісінде ауқымды сейсмикалық күшейту жұмыстарын атқардық. Қазіргі кезде 4 мектепте сейсмикалық күшейту шаралары қолға алынған. Жыл аяғына дейін тағы 7 мектепте сейсмикалық күшейту жұмыстары басталады. Әрине, бұл жұмыстар оқу процесстеріне кері әсерін тигізбеуі тиіс, Білім басқармасы бұл мәселені алдын- ала ойластырғаны жөн», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады. Қазірдің өзінде 4 мың орынды 7 нысанның құрылысы басталды. Олардың төртеуі биыл пайдалануға беріледі. Бұлардан өзге Алматыда Елбасының «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің 50%-ы салынуда.

Алматы әкімі өзінің баяндамасында адамның санасын тек алған білімі ғана емес, қоршаған орта да өзгертетінін айтты.

«Ашық, ыңғайлы және қауіпсіз орта адамды шығармашылыққа, мейірімділікке, оң істерге бейімдейді. Осынау жағымды постулат соңғы жылдарда біздің іс- қимылымыздың анықтаушысына айналғандай, ол қаланың ауқымды түрде жаңғыруынан көрінуде. Осылайша санасы жаңарған жаңа алматылық қалыптасуда. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап өткен еді.«Қала көлік үшін емес, адамдар үшін» қағидасын алға қойып, біз жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістікті қалыптастырудамыз. Қалада жаяу жүргіншілер мен велосипед тебушілерге еш кедергі жоқ. Қоғамдық көлікті де біртіндеп жайлы және қауіпсіз ететін боламыз. Цифрға негізделген ашық экономиканы қалыптастырудамыз», - деді ол.

Соңғы үш жылда 524 көше, 800 км инженерлік желі, 1400 аула жаңарды. Бірнеше жолайрықтары салынуда, магистралды көшелер үңгіленуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қалаға қосылған Алатау және Наурызбай аудандары қайта жаңғырды. Қаланың тарихи орталығын қайта жасау жұмыстары жалғасуда.

«Кезінде жасыл оазис атанған Атакенттің қазіргі сиқы жаныңды ауыртады. Асфальтты даңғыл мен көліктің үйіндісіне айналғандай. Қала да көлік тұрағына айналып кеткендей. 20 жыл ішінде халықтың тұрмыс жағдайы түзеліп, машиналар саны 10 есе өсті. Бір жағынанан бұл әрине, жақсы.Дегенмен, өкінішке орай қаптаған көлік адамдарды шетке ығыстырды, таза ауаны «жұтып қойды», адамдар тар тротуарлармен жүре бастады. Біз қазір бұл жағдайды жүйелі түрде өзгертудеміз және қаламызды одан әрі көркейте береміз», - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Байбек.

Связанные Статьи