Қасымов: Мен де отставкаға кетемін...

/uploads/thumbnail/20180925160816249_small.jpg

ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов қандай жағдайда отставкаға кететінін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бүгін Астанада өткен брифингте Қасымов журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. 

"Егер орынбасарыңыз парамен ұсталып, қылмысы дәлелденсе отставкаға кетесіз бе?" деген сұраққа ІІМ басшысы "иә", - деп жауап берді. 

"Әрине, бірінші кінәсі бар ма, жоқ па тексерген жөн. Егер менің орынбасарым парамен ұсталса, барлығымыз отставкаға кетуіміз керек. Менің орынбасарым парамен ұсталып, кінәсі дәлелденсе, мен де отставкаға кетемін", — деді Қасымов. 

 

Связанные Статьи