Қазақстанның сыртқа қарызының артуы - Тәуелсіздікке қатер төндіреді

/uploads/thumbnail/20170708173923316_small.jpg

Әлем мемлекеттерінің тарихында қарызы жоқ мемлекет болмайтыны рас. Алайда, мемлекеттің сыртқы қарызы тоқтаусыз өсе беруінің ақыры дефолтқа әкеліп соқтыратынын кез келген экономист жоққа шығара алмайды. Сыртқы қарыздың аты - сыртқы қарыз және ол міндетті түрде қайтарылуға жатады. Себебі, сыртқы қарыздан түсетін өсімақы (пайда) өзге мемлекеттің экономикасын байыту үшін жұмсалады. Ал ресми мекемедегілер "Қазақстан жылдам дамып келе жатқан, алдыңғы қатарлы елдердің тізімінде" деп жарияға жар салғанымен, еліміздің сыртқы қарызы соған сай, қарқынды өсіп келе жатқаны әрбірімізді алаңдататыны тағы рас.

Осы ретте, ҰБ таратқан мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның сыртқы қарызы 2014 жылдың қорытындысы бойынша  157,062 миллиард доллардан асып жығылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 4,8 пайызға өскен. ЖСҚ-ны қазақстандықтардың жан басына шаққанда әркімнің үлесіне 4,47 мың доллардан айналып отыр.

Жалпы еліміздің сыртқы елдерге қарызы 1999 жылдан 7,8  млрд. доллардан басталып, 2003 жылы 18 млрд. долларға дейін өскен болса, 2011 жылға қарай бұл көрсеткіш едәуір көбейген.  2011 жылдағы ҰБ статистикасы Қазақстанның ЖСҚ (жалпы сыртқы қарызы) 111 млрд. долларды құрады деп көрсеткен. Ал  2013 жылы бұл көрсеткіш 149,931 млрд. АҚШ долларына дейін жеткен еді.

Ашығын айтқанда, кез келген мемлекеттің шет мемлекеттерде белгілі бір мөлшерде қарызы болатыны рас-ақ. Әйткенмен, біздің елдің сыртқы қарызы басқа елдермен салыстырмалы түрде алып, қарайтын болсақ, ЖІӨ-нің 70 пайызынан астамынын құраған.

Алайда, Ұлттық банктің биылғы мәліметі қазақстандықтардың жағасын ұстатып отыр. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖСҚ мөлшері 157,062 млрд. долларды құраған. Яғни, бұл көрсеткішті жан басына шағып есептесек,  әр бір қазақстандық шет елге 4,7 мың доллардан қарыз болып шығып отыр. Бұл жалпы ішкі өнімнің 74,2 пайызын құрайды. Ал түрлі кәсіптік бағыттағы қарыздарды есептемегенде ЖІӨ-нің 36,8 пайызын көрсетеді.

Экономисттер мен сарапшылар шет елдерден қарыз ала беруге дағдыланудың ақыры дағдарысқа әкеліп соқтыратынан айтады. Айталық, елімздегі көптеген компаниялар мен холдингтер несиені екінші бір несиемен жауып күнелтуді әдетке айналдырып алған.  Мәселен, қазірдің өзінде екінші деңгейлі банктерде өздерінде қаржы болмағансоң, өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы бойынша халыққа несие бере алмай отыр.

Сол шеттен алынып жатқан қомақты қаржыны тиімді пайдалана алмаудың түбінде, қарыз беруші елдерге экономикалық жағынан тәуелділік туындайтыны тағы рас. Бұл тығырықтан да шығатын жол бар. Ол - ХВҚ (Халықаралық вальюта қорынан) қарыз алу. Бірақ, біздің ресми биліктегілер ХВҚ қарыз алу туралы ешбір мәлімдеме жасамаған. Керісінше жекелеген мемлекеттерге қарызымыз күн санап өсіп келеді.

Айталық, ресми деректерде Қзаақстанға ең көп мөлшерде қарыз берген елдердің қатарында, Нидерланды, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, РФ секілді алпауыт мемлекеттер де бар. Қазірдің өзінде шығыстағы көршіміз Қазақстандағы минералды және энергетикалық ресурстарға ауыз сала бастаған.  Қарыздың көбеюуі - мемлекеттің тәуелсіздігіне,  экономикалық және саяси қауіп әкелетіні сөзсіз.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Связанные Статьи