ОРАМАЛЫ ҚАЛҚАНЫҢ БЕС ЖҮЗ ЖОРҒА

/uploads/thumbnail/20170708173927049_small.jpg

Күні кешегі бала кезіміз. Бірде-бір қазақ баласы (қызы да, ұлы да) жалаңбас жүрмейтін. Ұлдар тақиялары мен кепкаларын, қыздар орамалдарын бастарынан тастамайтын. Ал келіншек болып босаға аттаған соң орамалдың орнын сәукелеге ауыстырып, кейін жаулық тартатын. Бір балалы ана болған соң түрлі жоралғыларымен басына кимешек кигізетін.

Орамалдың қадірін білетін екі  адам болса, ол бірі менің анам болатын. Өмірімде анамның жалаңбас жүргенін ешқашан көрмеппін.  Басындағы ақ шаңқан жаулығын күн сайын ауыстырып отыратын. Сол бала кезімде көргендеріммен, қазіргі жағдайды салыстырсам, ішім алай-дүлей болып, жүрегім қан жылайды. Орамалдың қасиетін Әкеміз бен Шешеміз, біздерге кезінде жеріне жеткізіп-ақ айтып кеткен болатын. Мына еңбектің негізі маған солардан қалды.

Осы еңбекте жазар да әне бастаймын, міне бастаймын деп ұзақ жүрдім. Бір күні таңға жақын түс көріп жатыр екенмін. Түсімде жұбайым екеуміз кілең қазақша бас киімдер сатылатын дүкен аралап жүрміз. Ішінен бір ақ шаңқан, сүттей ақ, шашақты ақ жібек орамал екеумізге де қатты ұнады.  Ұнағаны сонша, сол бойда келінімізге алып сыйлағымыз келді. Сұрадым. Бағасы, өте қымбат болып шықты. Абдырап қалдым. Зейнеткердің қалтасы көтеретіндей ақша емес екен. Ойыма қайдан келгенін білмеймін (Құдай салған шығар) «Қыз Жібек» ариясындағы «Орамалы қалқаның бес жүз жорға» деген өлең жолдары түсті.  Есептеттім, ұзақ мерзімге кредитпен айына 41 000 теңге төлеуге тиіс болдым.

Сіздер мені не істеді деп ойлайсыздар? Оның жауабын осы еңбектің өн бойынан толық табасыздар.

Ж. Манкеева 1997 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Мәдени лексиканың ұлттық сипаты» атты еңбегінде: «Қазақтың ерлері мен әйелдерінің киімінде әлеуметтік айырмашылықтар айқын көрініп отырған. Қазақ еркектері шашын түгел алғызып тастап, үйде де, түзде де бас киім киген. Ер адамның бас киімі оны киген адамның дәрежесі мен беделін танытқан» деген анықтама береді.

Ал бүгін ше, көшеге шықсаң көретінің бастары жалаңбас қыз-қырқын. Көбінің шаштары қысқа, кейбіреулерінің қысқалығы соншалық, жүнін жұлған тауықтан бір аумайды. Ал, кейбіреулері байы өлген әйелдердей шаштарын жайып жіберген. Қап-қара болып киініп қара жамылғандар...  Енді бірінің үстерінде «лыпа» жоқтың қасы. Бар киімі белдерінде бір қарыс белдемше, арасын бір қарыстай етіп  ашық қалдырып таққан  ені жарты қарыс кеудеше. Барлық дене мүшелерін, әсіресе ұятты жерлерін айқындап көрсететін тар шалбар кигендер. Жарнамаларда (билборд), қаптата салынған жалаңаш қыздар... жалаңаштар..., жалаңаштар... Ер адамдардың көздері көшеде алақ-жұлақ,  тура бір зоопаркте жүрген сияқты.

«Экспресс К» газеті 2014 жылдың шілде айында Қазақстанның солтүстігіндегі Бурабайда Нудистер (жалаңаштар) фестивалы өтетінін жариялапты. Ұйымдастырушылар Ресейдің Омскідегі нудистер қоғамы екен. Айтуынша жариялаған бойда бірнеше жүздеген адамдар қатысуға ниет білдірген. Батыс елдерінің нудиске айналғандары әлдеқашан. Ана бір жылы тұтастай бір қала халқының көшеге жалаңаш шыққандарын да көргенбіз. Батыстың көптеген елдерінде нудистерге арналған арнайы жағажайлар (пляж) жұмыс жасайды. Демек, бұл «ауру» орысы көп Солтүстік арқылы қазақ даласына да келіп жетті деген сөз.

Демек, бұл күндері басқа «Орамал» тарту әлемдік проблемаға айналған.

Қасиетті Құран – Кәрімде: «Мүмін әйелдерге айт: (бөгде ерлерден) көздерін сақтасын; әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. ...және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін». Аятта парыз етілгендей, оның тафсирінде де (түсіндірмесінде) әйелдердің басын және денесіндегі ұятты есептелетін жерлерін неке жүретін бөгде ерлерден және мұсылман емес әйелдерден жасырып жүруі міндет делінген. Осы аят түскеннен кейін Хз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабалардың және басқа да мұсылман әйелдері өз ұятты жерлерін жауып жүретін болды. Бұл кейін барлық мұсылман елдерінде дәстүрге айналды. Тарихқа үңілсек, бұл дәстүр қазақ халқында Исламнан да бұрын болған. Ислам діні келгенге дейін жаһилия (надандық) дәуіріндегі арабтардың әйелдері жалаңбас жүрген.

Түркия Республикасы да қазіргі таңда осы орамал мәселесінде бір байламға келе алмай жүр. Оларда оқу орындарына орамал тартып келуге тыйым салынатын (батыстың ықпалымен қабылданған) заң бар. Түркия премьер-министрі Р.Т.Эрдоган мемлекеттік университеттерде студент қыздардың бастарына орамал байлап жүруіне бөгет қойған заңды жоюға шақырды.

Ресей. Нижнекамск прокуратурасы жергілікті № 5-ші орта мектебінің әкімшілігінен басына орамал тартып, намаз оқитын оқушы қыздың мектеп формасын ретке келтіруді талап етті. Қадағалаушы органның пікірінше, мұсылман киім үлгісі мен намаз аталмыш оқу орнының зайырлы сипатына қайшы келеді. Прокуратураның талабы мұсылман ата-аналардың наразылығына тап болды.

Орыс тілді Қазақстан билігі де тура осыны қайталады. Бiлiм беру саласының жоғарғы басшылығы мектеп басшыларына, университет ректорларына министрлiктiң атынан: "Мектеп, университеттерге ешқандай орамал тағып келуге болмайды" деген мағынада хат жолдады. Бұл жағдай ел арасында наразылық туғызғаннан кейін барып, Ел басымыздың араласуымен тоқтатылды.

Әрбір халықтың киім кию үлгісі тарихына, табиғи ерекшеліктеріне, климаттық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Осы тұрғыдан қарастырғанда мұсылмандардың орамал тарту, киім кию үлгілері әр жерде әр басқа үлгіде болып келеді. Мәселен, Арабстанның көп жерлері мен Иранда, Иракта әйелдердің қара түсті жамылғы киіп жүруі күнделікті дәстүрлі киім есебінде болса, біздің қазақ халқының дүниетанымында мұндай жағдай тек адамның басына, не болмаса ел басына нәубет түскен қаралы кезде ғана киетін болған. Демек, бір өркениеттегі қалыпты саналатын дәстүр екінші бір өркениетте керісінше болатыны заңды құбылыс.

Ал, қозғаушы күші Еврейлер болып табылатын, Европадағы Евангелиені «ұстанған» Еваның ұрпақтарына келсек, олар қазір барлық киімдерін шешіп тастауға айналды, яғни адами қасиеттің ең биік шыңынан құрдымға  құлап келеді. Тура бір, маймылдан жаратылғандардың маймыл болуға асығатыны сияқты. Европалықтар (іштерінде мына солтүстіктегі көрші орыстарда бар) өздерінің ішкі ұстанымдарында Дарвиннің Адамзаттың атасы маймыл деген теориясын басшылыққа алады.  Олардың да, біздердің де мектеп оқулықтарымызда  күні бүгінде де осылай жазулы.

Өздеріңіз көріп отырғандай жоғарыда  көрсетілген атаулардың бәрі «Ев», «Ева» деген бір түбірден. Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі) ешқашан жаңылысып көрген емес.

Түсініктеме.  Чарльз Роберт Дарвин (1809 - 1882) - ағылшын натуралисі, оның табиғи сұрыптау теориясы биологиялық көптүрліліктің пайда болуының революциялық негіздемесін берді. Дарвин идеялары «Түрлердің шығу тегі туралы» (1859) еңбегінде жарық көрді. Оның түрлердің біртіндеп эволюциялық дамуы туралы идеяны білдіретін ғылыми тәсілі кең таралды және, сонымен бірге, алғашында өшпенділікпен қарсы алынды, әсіресе, шіркеумен.

Ол Т.Мальтустың шығармаларын зерттеп, оның ойларын тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репродуктивтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түрі ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р.Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейльдің жұмыстары дәлелдеді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатынын көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын - «Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы» жарыққа шығарды.

Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар: «Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871ж) мен «Адам мен жануарлардын мінез – құлықтары» (1872ж). Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығу тегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады.  Дарвиннің теориясында «адам маймылдан шықты» деп тұжырымдады.

Осы ілім анағұрлым күшті әрі сол ортаға бейімделген органикалық заттар мен ағзаларға қолдануға жарамды, өйткені күшті әлсізді табанына басып жаныштап отыруы тиіс. Дарвинге жүгінсек, “артықшылықты раса” өмір сүру күресінде жеңіске жетуі тиіс. Оның ойынша олар еуропалық ақ адамдар да, ал африкалықтар мен азиялықтар бұл күресте жеңіліс табуы керек. Ол тіпті бұлар көп кешікпей құрып кетеді деген тұжырым жасады. Дарвин былай деп жазды: “Тек ғасырлармен ғана өлшеуге болатын алдағы аз уақыттың ішінде өркениетті раса оларды сөз жоқ құртып тынады, ал бұдан кейін әлемдегі жабайылардың бәрін жояды. Сонымен бірге антропоморфты маймылдар “яғни маймылдың адамға айналу сатысындағылар” да құртылып жіберіледі.

Адам мен оның жақын тектері арасындағы алшақтық жедел қарқынмен ұлғая түседі, өркениетті адамдар мен жабайылар арасындағы айырмашылық мысалы Кавказ халықтары мен гиббондар арасындағы сияқты алшақтайды, қазіргі кезде ол негр немесе автралиялықтар мен гориллалар арасындағыдай сипатта”.

Дарвин бұл теориясын жасау кезінде идеялық “серпілісті” сол кездегі зиялылар ортасында кеңінен танымал болған британдық экономист Томас Мальтустың кітабынан алған. Ол жер бетіндегі адамдар саны өте көп, олардың көбеюінің жолын кесу қажет дейді. “Соғыс, аштық және жұқпалы аурулар сияқты алапат апаттар халықтың санын азайтуға қажетті механизм болып табылады, өйткені адамдардың белгілі бір бөлігі, басқаларының жақсы өмір сүруі үшін өлуі тиіс. Тек осындай “(үздіксіз) перманентті соғыстың” нәтижесінде ғана адамзат өмір сүре алады”, – деп санады.

Дарвин үздіксіз шиеленісті ауқымы зор табиғи құбылыс ретінде қарастырады. Бұл тіршілік үшін күресте әрқашан күштісі және жағдайға анағұрлым жақсы бейімделгені жеңіске жетеді, ал бұл тек солар өмір сүруге құқылы, өйткені осы заң табиғаты тұрғысынан өзін ақтай алады деп мәлімдеді. Міне, атағы әлемге әйгілі ғалымның сөзі осындай. Бүкіл Европа, Ресей осындай адами қасиеттен жұрдай, «жабайы (тұрпайы)» тұжырымды басшылыққа алып, соны іске асыру жолында ашықтан-ашық күресіп келеді.

«Орамал – сүртінуге арналған ұзынша төрт бұрышты мата. Этнолог С.Қасимановтың айтуынша, орамал сөзінің түбірі парсылардың “рой” – бет және “мал” – мата сөздерінен қалыптасқан. Орамал пайдалану мақсатына қарай бет орамал, қол орамал, сулық орамал, майлық орамал деп бөлінеді. Қол орамалды ертеректе қыздар кестелеп ұнатқан жігітіне сыйға тартатын болған. Еуразияны мекен еткен көптеген халықтардың әйел өкілдері орамалдың арнайы жасалған түрлерін басқа да тартқан. Оның көлемі мен түрі әрбір тарихи-мәдени өңірлерде әрқалай болып, оған жергілікті ұлттық ерекшеліктер (калорит) берілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында орамалдың ерекше бағаланғандығын халық арасындағы “Орамал тон болмайды, жол болады” деген мақалдан да аңғаруға болады. Оны адамдар өзара сыйластық пен ықыласты көрсету үшін бір-біріне сыйға да береді. Халық арасында орамалдың басқа тартатын шаршы, қиықша, т.б. түрлері кең тараған. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

 «Бас киімдер қалай өмірге келді? Алғашында адамдар бас киімді жауыннан, қардан қорғану үшін және бастан күн өтіп кетпес үшін киген. Солтүстіктегі халық бас киімдерді жылы болу үшін былғарыдан жасаған. Ал оңтүстіктегілер бұл киім түрін қамыстан не сабаннан жасап киген.

Содан соң адамдар әскери шлемдер ойлап тапты. Бірақ оны әркім өз қалауынша киді: бірі әскери мақсатпен, ал бірі әскери шлемдерді күнделікті киім түрі деп санады. Басты оқ пен жарылыстардан аман сақтап тұруы үшін ондай бас киімдер металдан жасалған. Кейбір алғашқы тайпалар бұл бас киім түрін дұшпанды имендіретін киім ретінде қабылдады. Әскери шлемді киген адам қарсыласын оңай қорқытады деп түсінді.

Уақыт өте келе әр елде өз дәстүріне сай бас киімнің өз сәні пайда бола бастады. Мысалы, тақия немесе жолақсыз кепеш. Тақия – көбіне түркі халықтарына ортақ бас киім түрі.

Ал жолақсыз кепеш – Батыс Азияға аса танымал бис киім.

Сонымен қатар, арабтар әр түрлі сәнмен әсемделген сәлде ойлап тапты.

5 немесе 6 жүзжылдықтан кейін ғана адамдар бас киімдердің жасалуына аса көңіл аудара бастады. Алғашында бас киімдерді қой жүнінен жасай бастады. Одан кейінгі жылдарда бас киім жасау үшін құндыз жүні пайдаланылып, кәмшат жүнінен қалпақтар өмірге келді. Уақыт өте келе бас киімдерді қарапайым адамдар да басынан тастамайтын болды. Ал жалпақ көлемді қалпақтарды джентельмендер киіп алатын. Қарапайым ғана қалпақтар кей-кейде діни және саяси қайраткерлердің де басынан жиі көріне бастады.

Көптеген бас киімдердің аты сол үлгіні жасап шығарып, алғаш киіп шыққан адамның құрметіне қойылған (Мысалы, боливар) немесе сол киім үлгісінің қай жерде киілетініне байланысты аталған (Хомбург). Ал қарапайым панама бас киімі 300 жыл бұрын Панамада өмірге келген». (Ақерке Әбілхан).

Бүгінгі қазақ қоғамының, әсіресе жастардың орамал, киім жайлы бар білетіні де, ұстанатын тұжырымдары да осы. Ал, ғалымдарымыз тіпті орамалды қазақтың төл сөзі деп есептемейтін көрінеді.

Келіңіз енді аналарымыз бастарына орамалды не үшін тартты соны саралап көрелік:

Біріншіден, баршамызға белгілі Ұлы Жаратушы Алла - Адам баласын жарық дүниеге әкелгенде киіммен бірге жаратқан жоқ. Адам баласы дүниеге жалаңаш келді. Соған сәйкес қазақтың салтында «о дүниеге» кеткеніңде де жалаңаш кетесің (Еуропалықтар киіммен жерлейді). Адам баласы басында ұзақ уақыттар бойы  жалаңаш жүрді. Аллатағала оларға сана берген күні «ұялып» алды-артын жапырақпен жапты. Бұл оқиға Манқыстауда өтіпті.  Манқыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы атамыз оны былайша жырлайды:

Маңғыстау Машайықтың жатқан жері

Ағарып атқан таңның атқан жері

...Маңғыстау Машайықтың жатқан жері

Ашылған абыройын жапқан жері. Сол жер күні бүгінде де «Жапырақты тауы» деп аталады. Сол жапырақтар Маңғыстауда күні бүгінде де бар. «Түйе жапырақ» деп аталады. Жалпақтығы ерекше зор. Ең ірі деген  адамдардың алды-артын толықтай жабуына молынан жетеді. Ары қарай ауа райы өзгеріп күн суыды, қыс келді. Адам баласы алғаш рет аңның терісінен үстеріне киім, бастарына бас киім, аяқтарына етік тігіп киді. Әйелдер жағы жүннен тоқып  бастарына орамал тартты. Күні бүгінде де сол жерлер (алғашқы киім тігіліп, құдаларына киіт сыйлаған жерлер) Қиян, Қияқты, Қиянды, орамал тартылған жер Ор, ал етік тігілген жер Ақ Кетік (қазіргі Форт-Шевченко қаласы) деп аталады. Киім мен Қиянның, Ор мен орамалдың,  Кетік пен етіктің түбірлес болатыны осыдан. Еске ұста! Сөз түбірі жаңылыспайды. Сол үшінде Маңғыстаулық қазақтарды Қас би (Қаз би, Каспий) деп атаған. Міне осылайша,  жер бетіндегі бүткіл адамзат баласының  үстеріне киім, бастарына бас киім, аяқтарына етік тігіп киюлері Қазақ даласының бір пұшпағы 362  әулиелі киелі Маңғыстау топырағынан бастау алған болатын. Демек, бүкіл әлемді киіндірген бүгінгі қазақтың ата-бабалары болатын.  Еске ұста! Біз қарашаңырақта отырмыз.

Демек, киім, оның ішінде бас киімде бар, адамдардың «ұятын» қорғайды. Адам мен айуанның негізгі айырмасы да осы. Айуан (маймыл) ешқашан адам бола алмайды. Себебі, Ұлы Жаратушы оған сана (ұят соның ішінде) бермеген.

Екіншіден,  Адам Ата ұрпақтарының ұятты жерлерінің бәрін жауып киінуі Қазақ, яғни Азия мәдениетінің ең биік шыңы болатын. Ал, біз ұлы аталарымыз ұстанған «Тарихат» жолынан ауытқығанымыздың кесірінен Дарвин айтқандай «маймылға» бала болдық. «Атаға қарап ұл өсер» деп Ұлы аталарымыз айтып кеткендей,  Маймылды ата деп мойындаған адам оңушы ма еді, енді міне сол «маймыл» күйімізге қайта оралып келеміз. Еске ұста! Маймыл киім кимейді. Еуропадағы «жеңіл жүрісті демократияның» нудистерді дүниеге әкелуі осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

Тарихқа шегініс жасасақ, бүкіл Азия (ежелде бәрі Аз, Азау, Азаулы, Қаз, Қазақ, Қазар, Қазан деп аталған) халқы алғашқы адамдарды Адам Ата (Адамдардың атасы) және Ауа Ана деп аса құрметпен атап келеді. Олар ешқашанда Адам мен Ауаның қасына Ата мен Ана деген сөзді қоспай атамайды. Ал, батысқа (Еуропаға) келсек, олар жай ғана ауыл-үйдің тентек баласы, немесе «көңілдесі» сияқты етіп «Адам и Ева» деп атайды. Міне батыстың (орыстар солардың бел ортасында)  ата мен аналарын сыйламай қарттар үйінен тоғытатындарының бастау алатын жері.

Әңгіменің ашығын айтқанда Ата мен Ананы құрмет тұтатындардың басында бүкіл Азия халқы, яғни  Қазақ атаның ұрпақтары, Қазақтың сөз түбірінің Аз (Әз) болатыны осы),  ал Европаның «жалаңаш» ілімінің басында Еваның ұрпақтары. Олар өздерін Еврей, Таураттың (Торы аттың) киелі сөздерін өзгертіп, «жиендік» жасаған «киелі» кітаптарын Евангелие, Азияға жалғасып жатқан құрлықты Европа, Арабиядағы бір елдің Израил (Еврей), Арабиядағы өзеннің Евфрат, Ресейдегі Амур өзенінің жағасындағы бір елдің Еврей автономиялық облысы, Қырымдағы қалалардың Евпатория, Севастополь, Иса пайғамбардың анасын Дева Мария, мына көрші орыстардың қыздарын девушка, қызтекелерді евнух, ортақ ақшаларын Евро деп атайтындарының сыры осы. Олар тіпті ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынасты да осы түбірмен атайды. Өздеріңіз көріп отырғандай бәрі «Ев, Ева» деген бір түбірден. Кешегі Еврейлік Кеңес үкіметінің барлық қазақтарға зорлап жазып берген «Ов пен Ев және Ич» тердің де сыры осы. Жалпы бұл сөздерді қазақ тіліне аударғанда мынадай: Атам да, Анам да, әкем де, шешем де Еврей деген мағына береді. Бүгінгі Қазақстан билігі басындағылардың бірде біреуінің өз тектерін «қазақтың ұлы, қызы» деп  өзгертпей, Азияны Европаға (бай әйелге) үйлендіріп, Евроодақ құрамын деп жүргендерінің де сыры осы. Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі) ешқашан жаңылыспайды. Жалпы ойлары дұрыс, бірақ дәл қазір сол «жалаңаштарды» киіндіру қолымыздан келе ме? Әлде өзіміз де  «күшік күйеу» атанып, әкемізді Папа (Папаны теріс оқы) деп, ит болып үріп, бас киімдерімізді сірә шештік, енді қалған барлық киімдерімізді де шешіп тастап «жалаңаштанып» нудис - маймылға айналып кетеміз бе?

Бай әйелге (Европаға) үйлену бұрында да болған. Алғашқы «үйленгендер» Тобыштар болатын. Қазіргі Ресей еліндегі Батыс Сібірді бойлай ағатын ең ұзын өзендердің бірі күні бүгінде де Об (Тобыш) деп аталатынының және олардың бұлтты «облако», ауыстырылатын затты «обмен товаров», маймылды «обезян», Дарвин бастаған Европа ғалымдарының адам маймылдан жаратылды, маймыл бәріміздің атамыз деп жар салып жүргендерінің сыры осы. Орыстардың өз тектерін Иванов, Сидоров, Петров деп жазатындары да осыдан. Қазақтың шежіре дерегінде бүкіл Азия мен Еуропаға билігін жүргізген атақты Еділ (Аттила) патшаның да, одан кейінде сан ғасырлар бойы сол елдерге билігін жүргізген Орақ, Мамай, Қарасай, Қази т.б. бәрінің тегі қазақтың Тобышы еді. Қазақ даласындағы Тобыл, Қобда өзендерінің атаулары да солардан қалды. Демек, олар біздің аталарымызды «Маймыл» деп атады, өздері де осыған сенді. Бұл сенімнің саналарына сіңгендігі соншалық күні бүгінде де сеніп келеді. Олардың мектеп оқулықтарында да осылай жазулы. Ол жоғарыда айтқанымдай Дарвин ілімі деп аталады. Бірақ, олар сан ғасырлардан бері қаншама сынақ (эксперимент)  жасаса да бірде-бір маймылдан адам жасай алған жоқ. Жасай да алмайды. Себебі, Ұлы Жаратушы адамнан басқаға сана бермеген. Керісінше, Құранда адамдар азғындаған кезде маймылға айналатыны айтылған.

Шындығында да, адамды маймыл қылу, оңайдың оңайы. Ол кім көрінгеннің қолынан келеді. Тіпті тек қана маймыл емес, боққа аунайтын шошқа жасауды да бар-жоғы бес-он минутта іске асыруға болады. Бар-жоғы 200-300 гр арақ пен шамалы есірткі берсең жарап жатыр.

Өздеріңіз көріп отырғандай өздерін Адам Атадан таратқандар киім киюді, Ева мен обезяннан (маймылдан) таратқандар жалаңаш жүруді қолай көреді.

Үшіншіден, Ұлы Жаратушы адамның басына шашты мәңгі өсетін етіп жасаған. Себебі, шашыңның астында бас терің мен бас сүйегіңнің ішінде миың бар. Бұлардың бәрінің басты мақсаты осы миды қорғауға арналған. Шаш бүгінгіше айтқанда «фильтрдің» қызметін атқарады. Себебі, мына ауада барлық микроорганизмдер (жағымдысынан, жағымсызы аса көп) қотысып жатыр. Қазақтардың осылардың үстіне бас киімді ойлап тауып оны бастарынан тастамай киіп жүрулері теңдессіз ұлы ғылыми жетістік болатын. Қазіргі Қазақ атам ұрпақтарының арасынан осы бас киімді шешіп тастағалы бері анау айтқандай ұлы тұлғалардың, яғни елді аузына қаратқан әулие-пірлердің, дана мен данышпандардың шыға алмай, көпшілігіміздің тек қана дүние қуалап кеткендеріміздің және әйел адамдардың (қыздардың) киімдерін сыпырып тастап, маймылға ұқсап бара жатқандарының басты себептерінің бірі осы десем шындықтың ауылынан онша көп алыстап кетпесім анық.

Қазіргі заманда елдің бәрі Еврей ұрпақтарын ақылды деп санайды. Берген бағалары да дұрыс. Себебі, олардың өздері де, әйелдері де ешқашан жалаңбас жүрмейді. Бүкіл Европа бас киімдерін шешіп, жалаңаштанған кезде олар шаштарының үстіне «парик» киді. Күні бүгінде де бірде-бір Еврейдің ұлдары тақиясыз, қыздары париксіз жүрмейді. Олар Пирамиданың басына тек қана «долларды» қойып, сол арқылы бүкіл әлем елдеріне дегенін істетіп отыр.  Олар, соншама ақылды болғандарымен мына бір нәрсеге бастары жетпей келеді. Олардың басты қатесі Пирамиданың басында Арды емес, тек қана ақшаны қоюы.  Ардың орнына ақша жүрген жерде әділетсіздік, парақорлық, өтірік-өсек пен жемқорлық қатар жүреді. Сондықтан бұндай «тірліктің» ғұмыры ұзаққа бармайды. Бұндай жағдайлар Адам баласының жетпіс мың жылғы ғұмырында сан рет болған. Бірақ, соның бәрінде де «Ат айналып қазығын тауып отырған», яғни  Әз (Қазақ) аталарына қайта оралған. Себебі, Әз Ата ұрпақтарының тұрғызған пирамидаларының ұшында «ақша» емес «Ар» тұрған.  «Ақшаның» ойлайтыны бүкіл Адамзат баласының қамы емес, тек қана өз қара бастарының қамы.

       Өздеріңіз көріп отырғандай «париктің» сөз түбірі «ар». Демек, Еваның ұрпақтары ақшаны «арым» деп қорғап отыр.

       Демек, шаш «антеннаның да» қызметін атқарады. Ғарыштан берілетін тылсым күшті дұрыс қабылдауы үшін шаш таза ұсталуға тиіс. Шаш ластанған кезде, қызметтік функциясы нашарлайды.

       Бүгінгі таңда өздерін маймылдан тарататындардың бұны түсінуге саналары (ақылы мен білімі) жетпеуде.

       Төртіншіден, бас киім басыңды қыста суықтан, жазды ыстықта күн өтіп кетпеуден және әр түрлі соққы, немесе құлап қалу кезінде алынатын  жарақаттан және мидың шайқалуынан қорғайды.

       Бесіншіден, күні кешеге дейін бірде-бір қазақ баласы жалаңбас отырып ас ішпеген, соған сәйкес қазақтың бірде-бір келіні орамалсыз қазан ошаққа жоламаған. Себебі, олар адам өміріне аса қауіпті микробтардың (күні бойы лас ауадан жинаған) бәрі тамаққа түсетінін бізден жақсы білген. Қазіргі уақыт та тамақ ішінен ұзын шаштардың шығатынын кездестірмеген адам баласы қалып жарымаған болар. «Ауру астан, дау қарындастан» деген мақалда осыған орай айтылған.  Демек, орамал тартуды сүттің бетін жауып қойғанда, сүттің бетіне қоқыс түспейтінімен салыстырсақ дұрысы осы болар. Бұны бүкіл әлем елдеріндегі медицина ғылымы бір ауыздан мойындайды. Әйтпесе, бүкіл қоғамдық асхана, тойхана, кафелерде аспаздардың, өзге де қызметкерлердің бастарына бас киім киюлерін қатаң талап етпес еді. Кез-келген қоғамдық ас дайындайтын орындарда бас киімсіз жүрген аспазды сол бойда жұмыстан шығарып жібереді... Қайран, Аналарым! Неткен, Дана едіңдер! Қазіргі қазақтың, әсіресе жоғары білім алған қыз-келіншектеріміздің осындай қарапайым дүниені де түсінуге шамалары жетпеу де! Демек, маймыл болмаған неміз қалды???

       Ары қарай не болады, дейсіңдер ме? Ары қарай... Ары қарай маймылдан маймыл туады...

       Алтыншыдан, қыз баланың аса қатты боянып, ашық-шашық киінуі, шашын жинамай, жайып жүруі барып тұрған ақымақтық. Шынында да, кеуденi ашып, санын жалтыратып, кiм көрiнген еркектiң нәпсiсiн қоздыру, қоздырып қана қоймай, оны жаман жолға итермелеу – қайбiр жақсылық болсын. Бұл – қазақтың салты мен санасында жоқ нәрсе.  Бұл еуропалық, батыстық тобырлық мәдениеттiң ықпалы.

      Құмарлық сезiмi қозған кезде адам ақыл-есiнен белгiлi мөлшерде айрылатынын медицина саласының мамандары әлдеқашан дәлелдеген. Құмарлық сезiмi артып, нәпсiсi қозған имансыз адамдар (қазір ондайлар өте көп) ақылға, заңға, ар-ожданға да ырық бермейді. Сондықтан еркектердiң осы бiр осал тұстарын түрткiлемеу үшiн әйел адамдар ашық-шашық киiнбеуi керек. Атам қазақтың «Естi қыз етегiн қымтап ұстайды» деген дана сөзі осыған орай атылған. Еуропадағы "Queens" әйелдер бюросының мәлiметтерiне сүйенсек, Канадада әр 6 минут сайын 1 зорлау оқиғасы тiркелетiн көрiнедi. Онда әрбiр үш әйелдiң бiреуi өмiрiнiң бiр кезеңiнде зорлау оқиғасына тап болады. Демек, бiрiншi ұятты жерге көз түседi, одан кейiн ол (Құдай сақтасын) «iске» көшедi...

      Жартылай жалаңаш жүргеннен, ұятты жерлерді жауып жүрген мың есе артық. Орамал қыз баланың қорғаны. Орамал қыз баланың ары. Қыз баланың арын жоғалтып, теріс жолға түсіп кетуі жартылай жалаңаш киім киінуден бастау алады. Зорлық-зомбылықтың қоғамда көбею себебі де осы.

      Тағы бір аса көңіл аударатын жағдай, бүгінгі қоғамда заман талабына iлесудiң өлшемi – «жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасқан. Ал орамал тағып, ұзын етек киiп жүрген жандар замана көшiне iлесе алмай, қатардан қалып кеткен ескiшiл адамдардай бағалануда. Бүгiнде әйел баласы бейне бiр зат секiлдi, әркiмнiң ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болып жүр. Мысалы, әйелдiң жалаңаш тәнi өзгелердiң назарын тарту үшiн кәсiпкерлердiң тауарларын жарнамалайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе, газет жарнамасында, көлiктiң дөңгелегiнiң жанында жалаңаш тәнiмен тұрған әйелдiң оған қандай қатысы бар?!

       Жалпы, әйел болсын, еркек болсын, сұлу тәнiн жауып жүру, әуреттi жерiн көрсетпеу – Ата салтымызбен қалыптасқан табиғи құбылыс болатын. Бiрақ, бұл құбылысты Еуропаның «витриналық мәдениеті» бұзды. Бұл нарықтық қоғамға тән құбылыс. Ол адам тәнiн саудаға салған сияқты көрiнiс тапты. Осылайша,  оларда тәнiн көрсетiп жүру қатты белең алды. Сөйтiп, өзiнiң тәнiн базардағы тауар ретiнде көрсеттi. Бұл – батыстық (Европалық) мәдениетке тән құбылыс. Сондықтан, қазақ қыздарының ашық-шашық киінуі анайылық.

      Ондай қыздарға есі дұрыс қазақ баласы үйленбейді. Ондайға үйленетіндер де тек қана солардың өздері сияқты ақымақтар. Себебі, ер азамат үйленген қызын көрмеге қоймайды. Оған табиғи көркіне ақылы мен білімі сай жар мен балаларына асыл ана керек. Сондықтан қазақ қыздарына батыстың «жалаңаш» мәдениетімен емес, өзіміздің Ата дәстүрімізбен «мұздай» қаруланғаны керек.

       Осы «витриналық мәдениеттің» айқын бейнесін қазақ теледидарынан күнде көреміз. Билікке араласқан әйелдер мен тележүргізуші қыз-келіншектердің бірде-бірі бастарына орамал тартпайды. Қашан көрсең «жеңіл» киініп,  шашын жайып «жоқтау айтып» отырғандары. Ашығын айтқанда, бүгінгі қазақтың ұл-қызын «шешіндірушілер» тура осылар деп батыл айтуға болады. Қазіргі жастардың бәрі соларға еліктейді. Бұрындары шашын жайып, жеңіл киінушілер анау айтқандай көп болмайтын, ал қазір олар ата-аналарының да тілін алмауға айналды. Айтатындары «антеннасы» кірлеген адамның сөзі, «мода» солай, қазір ешкім орамал тартпайды...

       Елу жылдық еңбек өтiлi бар профессор Мәкен Молдабаева университетке қысқа белдемшемен келетiн студенттердi дәрiстен шығарып жiберетiн кездерi де болатынын жазыпты. «Бұл туралы өздерiне қатты батырып та айтамын», – дейдi педагог Мәкен Молдабаева. Бiрi тыңдайды, ал кейбiрi өзiңе айбат көрсетедi. Өздерiнiң анасымен жасты ұстазға дауыс көтеретiнiн қайтерсiз? «Ұяты жоқтың – иманы жоқ» деген сөздiң рас екенiне сол кезде көзiм жеттi. Ал орамал тағып, иманын сақтаған қыздардан байқағаным, оларда адамдармен қарым-қатынаста үлкенге құрмет, кiшiге iзеттiлiк, өтiрiк айтпау, сөзiнде тұру секiлдi адамгершiлiк қасиеттер басым. Қазақ жерiнiң әр аймағының ауа-райына тән әйелдердiң кимешегi әртүрлi болған, сондай-ақ, ол жас ерекшелiктерiне қарай түрлi үлгiде тiгiлген. Ата-бабаларымыз Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керiсiнше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегiмен көркемдеп, өзiнiң төл киiм үлгiсiне айналдыра бiлген».

      Әйел адамдардың  өз тәндерін ашықтан-ашық саудаға алып, ер адамдарды қылмысқа шақыруы барып тұрған күнә.

      Жетіншіден, соңғы кездері қазақтың қыз-келіншектерінің арасынан қап-қара матадан «хиджаб» киетіндерді көптеп кездестіріп жүрміз. Ашығын айтқанда, Хиджаб жалаңаш жүргеннен көп артық.  Дегенмен, екеуі де қазақтың Ата салтына (Ата заңына) жат нәрсе. Қазақтың хиджабтан шошитыны оның қап-қара түсі. Себебі, қазақтың ата салтында жұбайы қайтыс болған әйелдер ғана шашын жайып, қара жамылған.

     Қазақта «Шашын жаю» деген салт бар. «Қара бір шашым жаяйын,

                                                                                 Жаяйын да, жылайын» (Жоқтау).

     Жоқтау, жылау қайғылы, шерлі, күйікті, мұңды, зарлы, азапты, бақытсыз әйелдің ісі. Бұл әдет дауыс қылу, жоқтау кезінде жасалады. Кешегі өткен зұлмат заманда соғыс, аштық, тәркілеу, апат, жұт кезінде әйелдердің шашын жайып жылауы көп болды. Әйелдер мұң, шер жырларында шығарады. Мұндай кезде ақсақалдар, әйелдер келіп, мұңды адамға тоқтам, басым айтып жұбатуы керек. Қазақ қыздарына «шашыңды жайма» деген тыйым сөз төркіні осындайдан шыққан.

     Қазір қаладағы қазақтың көптеген келіндері мен қыздары бұл тыйымды сақтаудан бас тартқан. Мүмкін, дұрысы да сол болар. Елімізде бақытсыз кәртейген қыздар, жұбайынан ажырасқан жас келіншектер, тірі жетім балалар жыл сайын, ай сайын, күн сайын, сағат сайын адам айтса нанғысыз деңгейде көбейіп келеді емес пе?

     Қазақ әйелдері, апаларымыз ешқашан жалаңбас, ашық-шашық жүрмеген. Сәукеле киген, орамал тартқан, жамылғы жамылған. Бірақ, ол хижаб деп аталмаған. Қазақ қыздарының киімі шариғатқа және  ұлттық әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге сай болған.

      Басы ашық нәрсе: қазақ халқының қыз-келіншектерге арналған бүкіл киімдерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар. Ол адамның дене бітімін қымтап жауып тұратындығында. Бұл қазақ киімдерінің барлығы дерлік қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді дегенді білдіреді. Менің қолымдағы материалдар дәл осындай қорытынды жасауыма толықтай мүмкіндік береді.

     Әйел затының шариғат бойынша киінуі мен орамал тағуының дініміздегі үкімі – парыз. Бұл мұсылман үшін талқыланбайтын әмір. Құран кәрімнің «ән-Нұр» сүресінде бұл жайлы анық айтылған: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалдарын жағаларының ойығын жабатындай етіп тақсын…».  Құранда қап-қара етіп киінуді міндеттейтін бірде-бір аят жоқ. Демек, бұл қара киіну қазақ қыздарының ұлттық сана-деңгейінің көрсеткіші ғана деген сөз. Қазақ қызына қара кигізу жеңілдетіп айтқанда достың ісі емес. Қазақ азаматтарына отбасы мүшесін (әйелін, не қызын) қара киюіне рұқсат етсе, ол үйде қазақтың ер-азаматы жоқ, ол үйде тек қана тірі өлік бар деген сөз.

      Мұсылманша киімді қазақыландырып киюге шариғат бойынша рұқсат етілген. Өйткені, Құранда парыз етілген киім үлгісі «қара, жасыл түсті болсын» деген секілді нақты әрі қатаң форма көрсетілмеген.  Олай болса, әйел баласы өзінің дене бітімін қатты кескіндемейтіндей кең, денесін көрсететіндей жұқа емес және жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез келген киім үлгісін таңдап киюіне болады.

       Тағыда қайталаймын, қап-қара түсті матадан тігілген және тек көзді ғана ашық қалдыратын пәренже кию шариғатымызда парыз емес. Елбасымыз да қазақ қыздары ешқашан жүздерін жаппағанын сан рет ескерткен болатын. Ол кейбір елдерде қалыптасқан дәстүр екені айтпаса да түсінікті. Әр бір қазақ азаматы осыны қыз-келіншектерге ашық түсіндіруге міндетті. Оларды қап-қара киінбей, керісінше, шариғатқа да сай, ұлттық санамызға да жат емес, әрі күнделікті киіп жүруге ыңғайлы заманауи талғамға сәйкес киім үлгілерін киюге шақыруға тиіспіз.

     Жаулық жабынудың физиологиялық тұрғыдан да әйелдерге пайдасы көп. Мұны медицина саласының мамандары мойындауда. С.Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина университетінің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева бұл жайлы былай дейдi: «...Ер адам көбiне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан болар, әйелдiң шашы магнит тәрiздi ауадағы кiр-лас қуатты жинағыш келедi. Бұл да оның, әсiресе, бас ауруына ұшырауына әсер етедi. Ашық-шашық жүрген әйел көктен өзiне қажет емес, артық қуатты алады, сөйтiп оның бойында еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болады. Нәтижесiнде, ағзаның гормональды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлi iсiк, т.б. ауруларға жол бередi. Ал баланың бiтуi мен тууына аса қажет әйелге тән экстрогенос гормондарының керектi мөлшерде қалыптасуына ықпал ететiн жерден келетiн қуат ұзын, кең көйлек арқылы әйел денесiне молынан, еркiн өтедi. Тар шалбар осындай аса маңызды процеске кедергi жасайды. Осы процестер дұрыс жүзеге аспағандықтан, қоғамда жантүршiгерлiк түрлi оқиғалардың (лесбиянкалар, гомосексуалистер, трансвеститтер, т.б.) орын алуына себеп болуы мүмкiн. Күштi феминистiк қозғалыстар салтанат құрған Батыста бедеу әйелдер мен еркектердiң көбеюi, сөйтiп моральдық азғындаудың шыңына жетпеген ТМД елдерiнен бала асырап алу өзектi мәселеге айналуы тегiн емес" ("Мұсылман" журналы, №1, қаңтар, 24-бет, 2004 жыл.)

     Сегізіншіден, орамал тарту ешбір дінге жат емес.  Киiм киюдiң бұл үлгiсi жөйт (еврей) пен христиан дiнiнде, мәдениетi тым бұрыннан басталады делінетін кәрiс, жапон секiлдi елдерде де бар. Мысалы Менахем Брейер («Йешива» университетiнiң профессоры) яһуди дiнiнiң талабы бойынша әйелдердiң мiндеттi түрде орамал тағу керектiгiн айта келе, бiр интернет басылымында танымал раввиннiң мынандай сөздерiн келтiрiптi: «Еврей қыздарына орамалсыз сыртқа шығу жараспайды, әйелдерiнiң жаулықсыз жүруiне рұқсат еткен еркектердi қарғыс атсын, еркектерге ұнау үшiн басын ашып жүрген әйелдер жоқшылық әкеледi…»

       Әйелдiң орамалсыз жалаңбас жүруi жалаңаш жүрумен тең саналғандықтан, яһуди дiн өкiлдерi мұндай жағдайда оның жанында дұға қылуға, ғибадат жасауға тыйым салады. Олардың көзқарасы бойынша, орамал – әйелдiң абыройы мен беделiн, әлеуметтiк жағдайын бiлдiретiн дiни белгi. Сондықтан төменгi таптағы әйелдер жоғарғы таптағы әйелдердiң қатарында көрiну үшiн орамал тағуға тырысатын. Әуретті жабуды тектiлiктiң нышанына балаған жөйттер кезiнде Израильде зинақор әйелдердiң орамал тағуына рұқсат бермегенiне қарт тарихтың өзi куә. Еуропадағы еврей әйелдерi ХIХ ғасырға дейiн басынан орамалын тастамаған. Батыста жалаңбас жүру күштеп енгiзiлгеннен кейiн еврей әйелдерi оның орнына парик киген. Яһуди дiнiнiң «hassidism» бағытын ұстанушылар орамалға балама ретiнде әлi күнге дейiн парик киюде. Бұл батыс баспасөзінің тұжырымы. Ал, шындығында, олар бүкіл Европаны «шешіндіріп» тастап, өздері бас киімнің орнына жұртты алдау үшін парик киді. Демек, олар бас киімнің не үшін киілетінін жақсы білген.

       Ал христиан дiнiнде орамал тағу мәселесiне келсек, католик шiркеуiндегi монах әйелдердiң 1000 жылдан берi орамалын тастамай киiп келе жатқаны белгiлi. Христиан дiнiнiң Тертуллиян есiмдi ғалымы бойжеткендердiң шашын бүркемелеуге байланысты баяндамасында былай дейдi: «Бойжеткендер, көшеде жүргенде бастары

Связанные Статьи