Қазақстанға алғашқы қар түсті (фото)

/uploads/thumbnail/20180208140611504_small.jpg

Бүгін Қазақстанның солтүстік аймақтарына алғашқы қар түсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері ел аумағында суық атмосфералық ағымдардың әсерінен жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын ескерткен еді.

алғашқы қар

Бүгін Астанада, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында да жабысқақ қар жауады. Бұған қоса желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейеді деп болжануда.

алғашқы қар

Жексенбі, 14 қазан күні республиканың оңтүстігінде күн суытады. Атап айтсақ, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қатты нөсер жауын жауып, арты қарға ұласады.

Связанные Статьи