Жапонияда 12 мың әйелмен зина жасаған «мектеп директоры» ұсталды деп хабарлайды Вашнигтон күндік «Почта»("The Washington Post") газеті.
Жапонияның құқық қорғау органдары 64 жастарғы мектеп директорын ұстады. Бұрын Иокохама (Yokohama) қаласындағы орта мектептің директоры болған. Құқық қорғау органдарының айтуынша, Такашима (Takashima) есімді бұл «мектеп директоры» өткен 20 жыл ішінде 12 мың әйелмен зина жасаған. Оның 10%-ы балиғатқа жетпеген жасөспірім қыздар екенін, жас шамалары 10 жастан 70 жасқа дейінгі аралықта екенін анықтаған.
Такашима өзіменен зина жасаған әйелдердің барлығының фотосын сақтап отырған. Әрі әрбір әйелді «нөмірлеп» отырған көрінеді. Полиция оны тұтқындау барысында осындай фотолардан 14 мың данасын тәркілеген.
Бір сорақысы сол, полицейлер 14 мың дана сурет пен фотоапаратын алдына тастағанда, Такашима еш қымсынбастан «Бұларды жай ғана «із қалдырайын» деп түсіргенмін» деген.
