Сирия оппозиционерлері Назарбаевқа хат жазды

/uploads/thumbnail/20170708174237001_small.jpg

Сирия оппозициясы өкілдері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына хат жолдаған. Бұл туралы РиаНовости хабарлайды. Сирия  оппозициясының бір топ өкілі Қазақстан Президентінен Сириядағы дағдарыстарды реттеуге қатысты келіссөздерге араласуын сұрап хат жолдаған. Аталмыш хатқа Сириядағы 7 бірдей оппозициялық ұйым лидерлері қол қойған. Хат мәтінінде, оппозиционерлер Сириядағы саяси ахуалдарды реттеуде, дағдарыспен күресуде табандылық таныта отырып, күш салған  Ресей билігіне ризашылықтарын білдіретіндіктерін айтқан. "Алайда, біз елдегі жағдайды тұрақтандыру, геосаяси реформаларды реттеу, халықтың әл-ауқатын арттыру, структуралық платформа құру үшін келіссөздерді әрі қарай жалғастыруды жөн деп есептейміз. Сондықтан біз, сіздің көреген саясатыңызбен, көмегіңізге жүгініп отырмыз және сіз біздің осы ұсынысымызды жерге тастамай, Мәскеу келіссөздерінің жалғастыру мақсатында бізді Қазақстанға шақырады деп үміттенеміз", делінген хатта. Хат иелерінің айтуынша, Қазақстан Сирия халқына бейбітшілік әкелуде және билік пен оппозиция арасында диалог орнатуға үлкен ықпал етерлік, халықаралық саясатта зор беделге ие мемлекет. "Құрметті Президент мырза, сіз біздің өтінішімізді жерге тастамай, оң көзқарас танытады деп сенеміз",-делінген хатта. Нұрзат Тоғжан

Связанные Статьи