Бүгін Астанаға Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған мемлекеттік-ресми сапармен келді.
Астана әуежайында Түркиядан келген мәртебелі қонақты ҚР Сыртқа істер министрі Ерлан Ыдырысов, ҚР Инвестиция және даму министрі Асет Исекешев және ҚР Түркиядағы өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев қарсы алды.
Осыдан бұрын хабарлағанымыздай, сәуірдің 16-сы күні Елордада Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Тайып Ердоған арасында екіжақты келіссөздер өтеді деп жоспарланған болатын.
Кездесулер барысында екі ел арасындағы мәдени, экономикалық ынтымақтастық, әскери байланыстар мен бірқатар өзекті мәселелер қордаланады деп жоспарлануда.
Ескерте кететіні, бұл Реджеп Тайып Ердоғанның Түркия Президенті ретінде Қазақстанға тұңғыш келуі болып отыр.
https://www.youtube.com/watch?v=AJp9nOs74egСондай-ақ, Р.Т. Ердоған мырза, Қазақстанға ресми сапары барысында Түркістан қаласына келіп, ондағы мәдени-ағартушылық орындарды аралайды деп күтілуде. Сонымен қатар, Түркістан қаласында орналасқан Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде кездесу ұйымдастырып, түркі халықтарының мәдениетін дәріптейтін обьектінің ашылуына қатысады. Ал өз кезегінде, университет басшылығы Түрік Президентіне Қ.А.Яссауи университетінің құрметті профессоры атағын тапсырады деп жоспарланған.
Нұрзат Тоғжан