Жарқын Түсіпбекұлы, саясаттанушы: Виртуалды әлемдегі электоратты да ұмытпау қажет

/uploads/thumbnail/20170708174900318_small.jpg

Кейінгі кезде дәстүрлі ақпарат құралдары мен интернет ресурстар, әлеуметтік медиа арасында ақпарат таратуда бәсекелестік байқалып жүр. Алайда, биылғы сайлау науқаны кезінде байқағаным, әдеттегідей дәстүрлі ақпарат құралдары алдыңғы қатарда тұр. Әлеуметтік медиа мұндай кезеңде ұмыт қалмауы тиіс. Себебі жеке және корпоративті аккаунттар алдағы уақытта үлкен саяси науқандарда жеке әрі тәуелсіз ресурстардың ролін атқаратын болады.

2008 жылғы сайлау кезінде аса мән бермегенімен, АҚШ-та 2012 жылы өткен президент сайлауы науқаны кезінде Барак Обама және оның командасы әлеуметтік желілерді өте белсенді пайдаланды. Саяси науқаннан кейін алынған арнайы суалнамаға қатысқандардың 30 пайызы әлеуметтік медиадағы түрлі посттарды оқығаннан кейін қатысқанын мойындаса, 20 пайызы әлеуметтік желілер бастапқы таңдаған кандидатына емес, оның қарсыласына дауыс беруге ықпал жасағанын айтқан.

Біздің елде де әлеуметтік желілер 2010 жылдан бастап қана белсенді пайдаланыла бастағанымен, ол 2011 жылғы президенттік сайлауға да, 2012 жылғы парламенттік сайлауға да айтарлықтай ықпал ете алған жоқ.

Қазір жағдай сәл басқаша. Кезектен тыс президенттік сайлау туралы ұсыныс түскен күннен бері әлеуметтік желіде сайлау тақырыбы трендке айналды. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде кандидаттардың штабтары жақсы қолданып жүр. Өйткені әлеуметтік желілер уақыты қымбат телевидение мен жолы қымбат газет-журнал емес. Орталық сайлау комиссиясы мен жастар ұйымдары әлеуметтік медиаларда сайлауға қатысуға ынталандыруға акциялар ұйымдастырып жатыр. Бұл да өз кезегінде электораттың сайлауға қатысу көрсеткішін өсіріп жібермесе де, белгілі бір дәрежеде ықпал етеді деп есептеймін.

Связанные Статьи