Маңғыстаулық көркем гимнасшылар Израильде жеңімпаз атанды

/uploads/thumbnail/20181126111342192_small.jpg

Үш гимнасшы қызымыз Израильде өткен «Venera Cup» турнирінде бірнеше жүлдені қатарынан қоржынға салды. Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі төреші, Кеңес Одағының бірнеше дүркін чемпионы Венера Зарипованың құрметіне өткізілетін «Venera Cup» халықаралық турнирі биыл 8-рет ұйымдастырылды.

Турнирге Ресей, Польша, Германия, Жапония, Кипр, Словекия сынды елдердің спортшылары қатысқан. Ал Қазақстанның Маңғыстаудан өзге Алматы, Шымкент қаласынан үміткерлер бақ сынаған.

«11 мемлекеттің гимнасшылары қатысты. Сайысқа апарған үш спортшымыз да жүлделі қайтты. Жекен Дария (2011 ж.т.) бп, доп және көпсайыстан алтын жүлдеге алды. Қибасова Аяулым (2008 ж.т.) секіргіштен 1 орын, доптан 3 орын, көпсайыстан 3 орын иеленді. Ал Жаңбыршиева Жансая (2007 ж.т.) таяқпен және таспамен өнер көрсетуден 1, доптан 2, көпсайыста 2 орын еншіледі, — дейді жаттықтырушы Бибігүл Ерназарова.

Связанные Статьи