Халық аспаптарында орындаушылардың байқауы екі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл алғаш рет халықаралық дәрежеде ұйымдастырылды. Оған Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызыстан және Қазақстанның барлық өңірінен үміткерлер келді. Бас жүлдеге 1 млн теңге тігілген еді. Оны Алматы қаласынан келген Саденов Таңат Серікұлы қанжығасына байлады деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айта кетейік, байқау 2004 жылы алғаш өткізілгенде 9 өнерпаз қатысса, бүгінде олардың қатары 50-ге таяған.
«Халықаралық деңгейде өтіп жатқан конкурстар бізде өте аз, сондықтан бұл бір қуанарлық жағдай. Осы жолы қатысушыларға қойылған талап өте күрделі. Сондай-ақ байқау жайлы бір естелік айтқым келіп отыр. Конкурс алғаш ұйымдастрылғанда мен қазылар алқасының мүшесі ретінде келген болатынмын. Сол жылы бас жүлдеге көлік тігілді. Алайда қазылардың шешімімен екі жүйрік бірдей шығып, екі жеңімпазға да көлік берген болатынбыз. Сондай бір есте қаларлық оқиға болған еді», - деп еске алды күйші, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның доценті Айгүл Үлкенбаева.
М.Өскінбаев атындағы
Маңғыстау күйінің атасы, кәсіби домбырашы – Мұрат Өскінбайұлы атындағы халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының мақсаты – Маңғыстаудың музыкалық мектебін халықаралық деңгейде насихаттау, орындаушылардың арасынан жаңа есімдерді анықтау.
«Бабалар мұрасын қайта жаңғыртып, халқымыздың мәдениетін сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу арқылы дәстүрлі өнеріміздің төл туындыларын шет елдік өнерпаздар арасына тарату. Сонымен қатар М.Өскінбайұлы шығармаларын әлем халықтарының аспаптарында орындату арқылы насихаттау және өнер көгіндегі өзіндік нақышты өрнегін әрі қарай жетілдіру», - дейді Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пәния Оңалбайқызы.
Бұл жолғы сайыс жаңа номинацияларымен де ерекшеленді. Қатысушылар «Домбыра-прима», «Домбыра-альт», «Шертер»;
«Қобыз», «Ғиджақ»;
«Домбыра» номинациялары бойынша бақ сынады. Оған елімізге белгілі өнер майталмандары, профессорлар мен ұстаздар қазылық етті.
«Осы сайысқа келерде М.Өскінбайұлы атамыздың 25 күйіне дайындалдым. Қазылардың тапсырмасы бойынша бірнеше күй орындадым. Соңғы сайыста Мұрат атамыздың «Ақсақ құлан» күйін оркестрмен тартқан болатынмын.
Сол күй маған жеңіс сыйлады деп ойлаймын»,-дейді бас жүлдегер, Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық консерваториясының курс магистарнты Т.Саденов.
«Домбыра-прима», «Домбыра-альт», «Шертер» номинациясы:
I орын: Жумкенова Аяаулым Қажымұханқызы (Астана қаласы), Тигай Кристина Вадимовна (Алматы қаласы).
II орын: Жұмағалиев Азамат Ержанұлы (Атырау облысы), Аблаева Асылай Ербулатқызы (Алматы қаласы), Бабаев Ибрагим Рамизович (Әзірбайжан, Баку).
III орын: Асанова Сания Тілегенқызы (Маңғыстау облысы), Байқұлов Хамит Серікбайұлы (Маңғыстау облысы), Исматуллаев Самандар (Өзбекстан, Ташкент), Жұмағалиев Тұрлан Махмутұлы (Алматы қаласы).
Дипломант–Жолмағамбетов Әлинұр Алтайұлы (Маңғыстау облысы),Несіпбаева Фариза Дулатқызы (Алматы қаласы), Исках Зарина Айбекқызы (Алматы қаласы).
«Қобыз» «Ғиджақ» аталымы:
I орын: Мурзалиева Саджана Садырбекқызы (Астана қаласы), Темір Айжарқын Жайқызы (Атырау облысы);
II орын: Атошева Гүлім Қазиханқызы (Батыс Қазақстан облысы), Кабдыманова Анар Магауияқызы (Ақтөбе облысы);
III орын: Муса Азиза Жұмагелдіқызы (Астана қаласы), Кисярова Арайлым Батырханқызы (Алматы қаласы), Шодырова Ұлмекен Қонақбайқызы (Астана қаласы);
Дипломант: Копжанова Балжан Мамырханқызы (Шымкент қаласы),Әбжапбар Айнұр Жеңісбайқызы (Маңғыстау облысы);
«Домбыра» номинациясы бойынша жүлделі орындар:
I орын – Әділбеков Ерасыл Нұрбекұлы (Алматы қаласы),
IІ орын – Ринатов Ерасыл Ринатұлы (Алматы қаласы), Құдайбергенов Дарын Берікұлы (Астана қаласы);
III орын– Мусаев Бекарыс (Маңғыстау облысы), Кучкарова Зиеда (Өзбекстан, Ташкент), Темір Ақбөкен Ізбасарұлы (Алматы қаласы);
Дипломант – Көшербай Мұхаммеддин Ермекұлы (Қызылорда облысы);