Маңғыстау әкімі чемпион дзюдошыларды қабылдады

/uploads/thumbnail/20181126111619904_small.jpg

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Астана қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатының жүлдегерлерімен кездесті.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, басшының қабылдауында Бауыржан Нарбаев, Ақниет Тұрдан, Анна Казюлина, Руслан Мусаевтармен қатар Бразилия елінде өткен Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Әмірбек Жеңісов болды.

Облыс әкімі дзюдошыларға толағай табыс тілеп, кезекті додаларға сәттілік тіледі. Спортшылар бір жыл бұрын аймақ басшысымен кездескенін есіне алып, алғысын білдірді. Облыс әкімі дзюдо саласында жасалып жатырған жұмыстарға тоқталып, чемпиондардың бапкерлері Айбек Имашев, Манарбек Бисекенов, Сергей Волобуев, Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаевқа өзінің ыстық лебізін білдірді. «Республикалық деңгейде облысымыздың абыройын асқақтатқан маңғыстаулық спортшылар намысты қолдан бермегенін білеміз. Бұл спортшылар Маңғыстау облысының қоржынына медаль салып, мерейімізді үстем етті. Бұдан басқа алда өтетін Азия және Әлем чемпионатында, 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын біздің спортшыларға зор сенім білдіреміз», - деді облыс әкімі. Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан ҚР чемпионатында Маңғыстаулық спортшылар 3 алтын және 2 күміс медальді иеленіп, жалпы командалық есепте екінші орынды олжалаған болатын. Сонымен қатар Бразилиядағы әскерилер арасындағы Әлем чемпионатында 66 кг. салмақ дәрежесінде белдескен Маңғыстаулық палуан Әмірбек Жеңісов қола жүлдегер атанды.

Связанные Статьи