"Отарлау" лентасы Керекуде ашық таратылып жатыр

/uploads/thumbnail/20170708175304588_small.jpg

ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевқа

«Нұр-Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қ.Байбекке

«Ақ Жол» партиясының төрағасы А.Перуашевке

Павлодар облысының әкімі К.Бозымбаевқа

Павлодар облысының прокуроры М.А.Жоргенбаевке

Облыстық ҰҚК басшысы Н.Н.Нурсипатовқа

Тәуелсіз БАҚ өкілдеріне

 

Ашық хат

 

Сіздерге Президент сайлауы алдындағы Кереку қаласындағы қоғамдық ахуал жөнінде айтпақпын.

  1. Георгий лентасы. Тарихтан белгілі, лентаның 1941-45жж. Екінші дүниежүзілік соғысқа еш қатысы жоқ. Сондықтан да Қазақстан мен Беларусь сол кезде кеңес империясының құрамында болғандықтан, әкелереміз бен аталарымыздың сол соғысқа қатысқандығының белгісі ретінде арнайы символика бекітілді. Бұған себеп болған, 18 ғасырлардан басталған «За походы в Центарьную Азию», «За взятие г.Чимкента», «За хивинский поход», «За покорение ханства Кокандского», «За отличие на Кавказ и взятие штурмом крепости Геокъ-Тепе»,«Георгиевский крест», «Орден святого Георгия победоносца» ордендері осы лентаға бекітілетін болған. Өз бабаларымыз Кенесары ханның, Исатай мен Махамбетің, Кавказдағы Шәмілдің т.с.ұлт-азаттық көтерілістерді жаншып отырғандарға берілген.

Аталмыш лента 2006 жылдан бастап Ресей мемлекетінде жеке қолданысқа енгізіліп, сәл кейін біздің елде де таратыла бастады. Қазіргі интернет жүйесі арқылы халық көп жағдайларға қанық. Осыны білген қазақ, өзбек, ұйғыр, басқа да Орталық Азия халықтары, кавказдықтар, украиналықтар, басқа ұлт өкілдері жаппай сатылып жатқан осы ленталарға қатты наразы. Қазіргі соғыс жағдайында бұл лента Украина үшін де басқыншылықтың символы болып отыр. Бұл лентаны тарату-ел ішіндегі тыныштықты бұзып, арандату. Кеңес уақытының өзінде 9 мамырда алаңғы шыққан ардагерлер тек орден-медалдарын, не оның орнына планкілерін тағып шығатын. Ешкімнің лента тақанынын көргеміз жоқ.

Бұндайды қадағалап, келеңсіз жайттардың алдын алып отырату міндеті жүктелген Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы қол астындағы БАҚ-тарға 15.04.2015ж. Егемен Қазақстанда үкіметпен бекітіліп шыққан мемлекет символикасындағы лентаны болса да (өкінішке орай онда да георгий лентасы, белгісіз себеппен белгіленген?) насихаттауға жол бермей отыр. Бұл жөнінде әкімшілік газеттері ЖШС «Ертіс медия» басшысы Неволин: сіз Копенов мырзамен (обл. ішкі саясат) сөйлесіңіз деп отыр. Бірақ ол кісі мені жылдар бойы бір рет те қабылдамаған. Орынбасары Р.Шәмкенқызы,  қарастырамыз деп отыр. Олар 1 ай да қарастыруы мүмкін... БАҚ-тар арқылы еш ақпарат таратқысы келмей, мемлекет символикасындағы лентаны насихаттамай отырғандары, облыстағы, қаладағы болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын-алмақ түгілі, керісінше болуын қалап отырған жоқ па екен деген ой тудырады.

Бұл мәселеде, ең басты масқара, мемлекет 9 мамырға арналған өз символикасын бекітсе де, георгий лентасына еш тосқауыл қоймауында. Мағна жағынан: бір лента еліміздің көк рәміздері түстес, патриоттықты насихаттайтын символикасы деп есептелсе, басқасы, көзі ашық қоғамға, ресейдің отарлаудағы басқыншылығымен ұштасатын символы ретінде қабылданады.  Сонымен тәуелсіздік жылдары негізінен ынтымақта қалыптасқан елдің қоғамы екіге бөлінуде! Бұған ең басты кінәлілер мемлекет басындағылар. Бұл жағдай, мемлекет одақтас ресейдің қабағынан қорыққандықтан, өз қоғамын өзі екіге бөліп отыр деген сөз. Әубаста бұл одақтық тек экономика саласын қамтиды деген сөздер жайына қалып, еліміздің қоғамы 2-ге бөлінуі қауіптілігінен де көршінің қабағы қорқыныштырақ болып отыр ма? Осы сұрақты Президент мырза, сізге қойып отырмыз!

  1. Қаламыздың қазақ тілінің масқара жағдайына аз да болса демеу көрсетпекке Кутузов к. тұрған бос билбордқа (алдында «Здесь может быть и ваша реклама» деген жазуы болған), Тілдер заңынан: «Қазақ тілін білу - Қазақстан Республикасының азаматтарының парызы» дегенді қояйық. Бірнеше азаматтар өз қаражатымызға дегенімде: Р.Шәмкенқызының: «Ол біздің құзыретімізде емес, бірақ сен кім едің соны қоятын» жауабын алдым. Сол билбордке қарсы, көшенің арғы бетінде ертелі-кеш орыс тілінде жарнамалайтын билборд тұр. Паузалары тек орысша музыкамен толтырылған! Қалада көп жерде тұр сондай билбордтар. Қазақша жарнама 10 пайыздан аспайды. Қазақша әндер ешқашан болған емес!
  2. Осы жайттар туралы облыс әкімшілігіне хабарлассам, хатшы әдеттегідей, тек орыс тілінде жауап береді. Сенім телефондары «горячая линия», барлығы орыс тілінен басталады. Көп жағдайда сол тілмен бітеді де. Қабылдануына жазылайын десем тағы солай, сосын не айтасың, барлығын тәптіштеп жазбаша жазу керек дейді. Барлығы уақыт жетіспейтіні белгілі. Блогіне жазайын десем, санатты таңдауға келгенде курсорды қоя алмайтындай бұғаттап тастаған. Әулеметтік мәселелер бойынша орынбасарларымен бұрынғы әкімдердің кезінде де, қазір де еш хабарласуға мүмкіндік болмаған. Хатшылары тек: іссапарда, жиылыста, кейінірек хабарласыңыз; кейінірек хабарлассақ: «Ол жаңа ғана шығып кетті», «Уақыты болмай тұр», т.с.с. жаттанды жауаптарды айтады.

Жергілікті билік, әкімдіктер ұлтшыл (мен үшін ұлтшыл - мемлекетшіл, патриот  дегенді білдіреді, басқа ұлттарды өзектен тепкендерді емес) азаматтарға қарсы тұрғой, конституциядан бастап мемлекет заңдарына, қалды мүддесіне қарсы жұмыс жасап жатқандай. Осындай билікпен арқасын бүріккендер, «Идите, пасите своих баран на казахском языке, скоро это будет россиская территория» деген сынды сөздерді айтуға  еш қымсынбайды. Тілдер басқармасының орынбасары «Біз кім көрінгенге жүгіре бермейміз», және қазақ тілінің қарсыластарына керісінше менің атыма шағым түсіруді үйрететін болғансоң оларға жазбайтын болдым. Полиция, шағымдансаң, керісінше өзіңді соттауға жүгіреді (өйткені қызметкерлері 90 пайыз қазақ болса да, оларды да қазақ тілімен «қажытамын»). Қазақша сөйлегендерге сепаратистік бағыттағы да айтылатын сөздер: «Вам что, Украину устроить что-ли, павлодар, а то может и весь Казахстан оттяпать».  Бұл да жоғарыда айтып кеткендей, ешкімге қазақша сөз естіртпейтін жергілікті әкімшіліктердің де «тәрбиесі».

Президент сайлауының алдындағы Керекудегі жағдай осы. Басқа да солтүстік өңірлер осыдан «алысқа ұзамағанын» топшылағандықтан да, назарларыңызды аударып, мемлекетімізде, Кереку қаласында осындай өрескел ахуалдың болмауын қадағалайсыздар, сұрақтарымызға жауап бересіздер деген үмітпен,

Құрметпен, Бейсенбай тегі, Р.З. «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ

Нұрбаев Қ.Ж., тарих ғ.д., профессор

Тілеубай Ж., энергетика аудиторы

Қалиев М., зейнеткер

Набиев Қ., жұмысшы

Смағұлов Ж., шаруашылық қожалығы басшысы,

Мырзағали Г., студент

Сейдуалиева Г., жұмысшы

Кемел С. жұмысшы

Сарбаев А.Т. банк қызметкері

Связанные Статьи