"Келін болу – өзін ерікті түрде құлдыққа жегу"

/uploads/thumbnail/20190301154033034_small.jpg

Назарларыңызға менің бір танысымның оқиғасын ұсынбақпын.

Өзі Батыс Қазақстан облысының аруы, алайда тағдырдың айдағаны ғой, оңтүстіктің жігітін сүйіп қалып, соған тұрмысқа шықты. Қазір бір қыз өсіріп отырған ата-ана. Күйеуінің отбасымен Астанада тұрады.

Әлгі танысымның келіндік өмірі қалай өтіп жатыр дейсіздер ғой: ұйқысынан таңғы 5-те тұрады да, қайын атасына, енесіне, күйеуіне және оның бауырына таңғы ас әзірлейді. Дастархан жайнап тұруы тиіс: самса, қуырдақ, шай, нан, тәттілер... Бәрі жаңадан піскен болуы тиіс. Ол үшін келін, әрине, 1-2 сағат бұрын ерте тұрады.

Сөйтіп ата-енесінен өзгесінің бәрі жұмыстарына аттанады. Менің танысым екі жерде жұмыс істейді: кеңсе тазалаушы әрі мейрамханада ыдыс жуушы. Жұмыстан үйге шаршап, қажып қайтады. Үйіне келеді де тағы сол жұмысы басталады. Тамақ әзірлеу, ыдыс жуу, үй жинау. Айтпақшы, үйінде не кір жуу мәшинесі, не шаңсорғышы жоқ. Бәрін өз қолымен жуады. Отбасында өзге бір де бір жан үй тіршілігіне араласпайды. Кешке тамақтанады, шай ішеді, теледидар қарайды, ерер қауымы футбол тамашалайды, енесі сериал көреді. Ал келін бәріне қызмет жасайды. Отбасының әрбір мүшесінің әр киімін, сенесіздер ме, тіпті іш киімін де қолымен жуады. Кепкен соң үтіктейді, сөрелеріне жинастырады. Ал мұның бәріне түнде, тамақ ішіліп, ыдыс жуылып болған соң кіріседі. Таңғы 5-те қайтадан тұрады.

Осыған қарамастан келіннің орны төменде, отбасының бақыты, берекесі үшін таңнан кешке дейін шапқылап жүрген танысым отбасы мүшелерінен төмен саналады. Мәселен, ол үстел басында өзгелердің әңгімесіне арала алмайды. Үнсіз ғана шайын ішіп отыруы тиіс. Отыратын орны, әлбетте, босағада, самаурынның жанында. Ол ата-енесінің көзіне тік қарамауы тиіс, тіпті қайындарының да... Отбасы той-томалаққа немесе табиғатқа демалуға шыққанда келін үйде қалады. Оған демалуға болмайды, үй шаруасын қадағалауы тиіс.

Танысымнан бірде «неге құл секілді өмір сүріп жүрсің, неге күреспейсің?» деп. Рас қой, тұрмысқа шығарда, осындай өмірді армандамаған болар? Өз еркімен өзін қалайша құлдыққа итермеледі?

«Білмемін» дейді. Айтуынша, бірден бұлай бола қоймаған. Жаңа отбасы келінін мұндай өмірге бірте-бірте үйрете бастаған. Ал қазір шаруаға бойы үйреніп те қалыпты. Себебі, қызмет етіп жүрген адамдары – өзінің отбасы.

Бірақ басқаша да өмір сүруге болады ғой, еркін, өзгелермен тең әйел болуға ұмтылу керек қой. Тіпті не деп жауап беретінін де білмейді. Оның үстіне күйеуінің махаббатына сенеді, өзі де сүйемін деп ойлайды. Не болмаса өз ойынан өзі қорқады: қазір ажырасып кетсе, ешқашан тұрмысқа шыға алмай қалады, қоғамда мәртебесі түседі, таныстары сөз етеді. Еркін әрі жалғыз болғанша, өз отбасында құл болғаны артық. Міне, оның ойы – осындай.

-Айтшы, - дедім төзімім таусылған мен, - ата-енең жастары келіп, бір күні өмірден өтер, балаларың ер жетіп, бой жетер. Сол кезде сенде осы дәстүрді жалғастырасың ба ? Сен де келініңді құлша жұмсайсың ба?

Бұл сұрағым да жауапсыз қалды. Себебі өзін бір үйдің иесіндей сезіне алмайды әлі.

Ал нәзік қана құрбымның сондай қатал, аяусыз болып кететініне сене алмай мен тұрмын.

Марат Толыбаевтың Facebook-тегі парақшасынан

Ұсынған: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи