Енді post.kz арқылы комиссиясыз төлем жасай аласыз

/uploads/thumbnail/20190301160121733_small.jpg

«Қазпошта» АҚ төлем карталарын ұстаушылар үшін post.kz арқылы төлемдерге комиссияны жойды. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов өзінің Facebook парақшасында жазды.

Аталған жаңалық тұтынушылар тарапынан туындаған пікірлерден соң жүзеге асқан.

«Мен пошта бөлімшелеріне келіп, онда кезекке тұрып коммуналдық немесе салық төлемдерін жасауды ұнатпайтын адамдардың пікірін желіде жиі көрем. Ондай онлайн қызмет алуға үйренген мобильді азаматтарымыз үшін post.kz порталын іске қосып дамытып жатқанымызды айтқым келеді», – дейді С. Сәрсенов.

Осылайша, төлем карталарын қолданатын пошта тұтынушылары post.kz арқылы зейнетақы жарналарын, міндетті медициналық сақтандыру жарналарын, әлеуметтік төлемдерді, коммуналдық және басқа да төлемдерді комиссиясыз төлей алады. Бұл төлем карталары барларға ғана қатысты. Ал өзге клиенттер үшін комиссия көлемі өзгерек.

«Порталдың қызметтерін пайдаланатын қалған клиенттеріміз енді ұялы байланыс үшін 50 теңге, коммуналдық төлемдер үшін - 100 теңге, зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік төлемдер үшін - 1%, бірақ 100 теңгеден кем емеc комиссия төлейді», – деп жазды ол.

Ақпарат үшін айта кетсек, post.kz-та сәлемдемелерді қадағалауға, поштаматқа жіберуге, пошта бөлімшесіне бару уақытын брондауға болады. Сондай-ақ, пошталық және қаржылық қызметтер үшін де түрлі төлемдер жасай аласыз.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи