Әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкерлерге тапсырма беріп, үкіметті жақтап пост жазыңдар деген міндеттемелер түсіп жатыр деп шағым түсіруде. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Есімін жасырып қалған әлеуметтік желі қолданушысы мемлекеттік мекемелерде қызметкерлерге "Астананың Нұр-Сұлтан қаласы болуына қарсы емеспін тағы сол сияқты пост жазып, әлеуметтік желіде арнайы хэштегпен шығарыңдар деп қоймай жатыр. Түсінбедім. Қашан біз еркін өмір сүреміз? Не үшін мемлекеттің сызған сызығынан шықпауымыз керек? - дейді.
Еске сала кетсек, 20 наурыз күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға Нұр-Сұлтан атауын беруді ұсынған болатын Өз кезегінде қала басшысы Б.Сұлтанов біз астаналықтар болып қала береміз деп пікір білдірген болатын.
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
Оставить комментарий