Қарағанды қаласындағы концерттердің бірінде қала тұрғындары "Қазақстан, Нұрсұлтан" деп ұрандатудан бас тартты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Жүргізушілер қала тұрғындарын "Қазақстан, Нұрсұлтан" деп бірге айтуға шақырды. Алайда бірде-бір қала тұрғыны жүргізушілердің айтқанын орындамады.
Еске сала кетсек, 20 наурызда Тоқаев Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге байланысты ұсыныс жасаған болатын. ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылданды.
"Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың - 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды", - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий