Мас күйінде көлікке отырған жүргізуші 3 полиция қызметкерін жарақаттап кетті (видео)

/uploads/thumbnail/20190326120339419_small.jpg

Астаналық полицейлер мас күйінде көлік айдап кеткен күдіктіні ұстады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Полиция департаментінің сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

24 наурызда сағат 22.00 шамасында жедел басқару орталығынан «Infiniti FX35» маркалы көліктің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, мас күйінде болу мүмкін деген хабарлама келіп түсті. 
Автокөлікті тоқтату кезінде аталған көлікітң жүргізушісі полицейлердің заңды талаптарын орындамай, жылдамдықты асыра пайдаланып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. 

Қорғалжын тас жолы мен Аягөз көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері көлікті мәжбүрлеп тоқтатуды шешті. Тек полиция автоэкипажымен соқтығысқан автокөлік тоқтатылды. Оның нәтижесінде үш полиция қызметкері дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. "Infiniti FX35" автокөлігінің жүргізушісі дәрігерлердің тексерісінен кейін (кеуде қуысының соғылуы) Сарыарқа ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

Жергілікті тұрғынға тиесілі ТҚС аумағынан автокөлікті айдап әкеткен күдікті техникалық қызмет көрсету станциясының 35 жастағы қызметкері болып табылады. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, жүргізуші мас күйінде болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы ("айдап кету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи