Әбдіжапар Әлқожа бауырым өте дұрыс айтады. Расында, қожалар қазақтан қыз алмаса, қаны бұзылмас еді. Соның кесірінен қазақ даласына, баласына, тіпті түркі дүниесіне қасірет әкелген ауыр-ауыр қылмыстар да жасалмас еді. Егер қаны бұзылған қожалардың кесірі тимесе Орталық Азияны бір ғасыр ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Ұйғыр хандығы жер бетінен тып-типыл жойылып кетпес еді. Қаны бұзылған қожалар Отырардың қақпасын ашып бермесе, Шыңғысхан өркениетті қаланы басып ала алмас еді. Шын мәнінде, Абылайхан жоңғарға өз еркімен тұтқынға түскен. Тұтқындағы үш жылда қазақ даласының құпиясын жоңғарға жеткізіп отырған жансыздарды анықтап үлгерді. Олардан іргесін аулақ салғаннан бастап, қазақ қолы жеңістен-жеңіске жетті. Қазақ жасақтары жоңғармен арпалысып, қытаймен қырылысып жатқанда Әппақ қожа ақсақал қытайға қыз беріп, қожалардың қанын бұзбаса, Шығыс Түркістандағы бүгінгі қасіретті істер боларма еді. Сыздық төре Қашқардың түбінде 16 мың жасауылмен 2 мың Қытай қолынан жеңіліске ұшырағанда қытайларға көмек бергендер қожалардың көсемі Яқұпбектен бет бұрған қаны бұзылған қандастары емес пе?...Олардың да қанын қазақ бұзды ма?
Керек болса, мұндай деректердің әлі талайын айтып бере аламын. Бала кезімде Тұрдыбек қажы деген атамыз болды. Ол кісі қаны бұзылмаған қожа еді. Апта сайын аралтөбе деген ауылда жәрмеңке өтеді. Ол кісі содан қалмайды. Жолшыбай мені ертіп алатын. Жұрт ұмытқан, теріс қабылдаған талай дүниені маған әңгімелеп беретін. Соның сарқыншағы менің санамда әлі жаңғырығып жүр. Өкінішке орай, ол кісі қазақ қызынан туған, қазақ қызымен үйленген. Сол ынтымақты ойлап, бұны жазбай-ақ қояын десем, намысым жер болып барады. Мен де қыз өсіріп отырған адаммын.
Бауырым, біз көп нәрсені білмегеннен емес, көңілі қалмасын деген көңілшектіктен айтпаймыз. Сыйлағанымызды момындық деп, жол бергенімізді сараңдық деп түсінбегейсің? Егер қазақ айтатын болса:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден кұт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз!
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәмі, тұзын ақтай білген елміз,
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз!
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды», – деп аузымыздан, ақ ит кіріп, көк ит шығарып тұрып айтамыз.
Қиын қылса, бір әнші шығарсың. Ондай әнді екі қазақтың бірі айтады. Сенің әніңді қазақтар ғана тыңдайды. Оған сенбесең, барлық концерттеріңнің видосын тексеріп шық. Тыңдарманыңның кімдер екенін содан білесің. Мықты болсаң, Димаш сияқты әлемді аузыңа қаратшы, оған әлің жетпейді. Қазақтар әнді осылай айтады, бауырым. Қолыңнан келсе, Димаш сияқты бүкіл дүниежүзінің қызын өзіңе ғашық ет. Ол да қолыңнан келмейді.
Есіңде болсын, қазақ тарихындағы барлық қанды жорықтар қарындастың қамы үшін, қыздарының арын таптатпау үшін болған. Ел басына екіталай күн туғанда бір қолымен бесігін көтеріп, бір қолына қылыш ұстап, ерлермен қатар қызыл қанын суша ағызып, осы даланы сұқтанған жаудан қорғап қалған қазақтың қыздары болатын. Кешегі Желтоқсанда ел намысын қорғаған, тәуелсіздік жылдарында ала дорбасын арқалап жүріп, елді тығырықтан алып шыққанда қазақтың қыздары. Ауырлықтың алдында жүргенімен, атақ-даңық, мәртебені еркегіне жазып, соның еңсесін көтеру үшін өзіндегі бардың бәрін құрбан ете алатын батылдық тек қазақтың қыздарының ғана қолынан келеді. Осындай ержүрек қыздармен бас құраған еркекте арман барма? Сен айтудан арланбасаң, ашығын мен де айтайын. Қазақ қожадан қыз алмаса, еркегі қатынсыз қалмайды, қыз бермесе, қыздары байсыз қалмайды. Қазақтың қыздарынан қолынан не келетінін бүгінгі күннің өзі дәлелдеп отырғанын көрмей жүрсің бе? Отпен ойнама!
Саған тағы да айтайын, сен бұлай аузыма келгеннің бәрі ақиқат екен деп көпіріп, тарихтан бері сен қазақсың, мен қожамын деп бір-бірін бөліп атаудан именіп келген, сыйлап келген, бір шаңырақтың астындағы елміз деп еміреніп өскен ағайынның арасына іріткі салып, бірімізбен бірімізді қырылыстырып, көңілге кірбең, нынтымаққа ылаң, берекеге белдеу салғанша, дос пен достың, туыс пен туыстың, құда мен жегжаттың, жезде мен балдыздың, ер мен әйелдің, аға мен інінің, абысын-ажынның арасын ашып, көңілге күдік пен күмән, сенімсіздік пен жаулық ұялатқанша, беделіңмен, атақ-даңқыңмен жұрттың берекесін ұйытып, ынтымағын бекемдейтін пікір айтсаң, қаранөмір халық хан көтермес пе еді?
Орыстың ылаңынан, қытайдың қысымынан құтылып, бүгінгідей ел болуға ерен еңбек еткен қазақ қызының намысына қылдай қылау түсіру ұлттың намысымен бірдей бағаланатынын ойлана жүр.
Жүрісінен жаңылған қыздарымыз болса, оған басыңды қатырмай-ақ қой. Ондай жағдай басқаның да басында бар. Уақыты келгенде өзіміз реттеп аламыз.
Қажет Андастың фейсбук парақшасынан алынған