Мейрамбек Беспаев: Мен Тоқаевтың штабына кіруге келісім берген жоқпын

/uploads/thumbnail/20190504161255760_small.jpg

Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлының республикалық қоғамдық штабы ашылып, сол ресми шарада сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев штабқа 200-дей адам тіркелді деп мәлімдеген. Соның ішінде белгілі әнші Мейрамбек Беспаев та бар еді. Арада бірер сағат өткенде Беспаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ешкімге келісім бермегенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Штаб құрамына 187 адам кірді, олар елге танымал адамдар, қоғам қайраткерлері. Оның ішінде даңқты спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Айбек Нұғымаров, Әлия Юсупова, Қанат Ислам, Динара Садуақасова сияқты саңлақтарымыз бар. Аружан Саин, Динара Закиева, Вера Ким және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар өкілдері келісімін берді. Штабқа әртістер де кірді. Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мейрамбек Беспаев, Самал Еслямова бар", – деді Мәулен Әшімбаев республикалық қоғамдық штабтың ресми ашылуында.

Әшімбаевтың мәлімдемесінен кейін Инстаграм желісінде Мейрамбек Беспаев жазба жариялады.

"Мен ешкімнің штабына келісім берген емеспін. Сыртымнан шеше беретін болған ба?" - делінген жазбада.

Жазба

Желі қолданушылары аталған жазба астында оның азаматтығын, бірбеткейлігін, шыншылдығын айтып жарыса мақтап жатыр.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Оставить комментарий

Связанные Статьи