Дания Еспаева қанша қол жинады?

/uploads/thumbnail/20170906155344743_small.jpg

4 мамырда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Дания Еспаеваны Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ОСК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

ОСК-ның жазуынша, Қазақстанның барлық 17 өңірінен Дания Еспаеваны президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 144 098 азаматтың қолы жиналған, оның ішінде 139 541 қол жарамды болып танылған.

Қазақстандағы президент сайлауына түсетін алғашқы әйел кандидат Дания Еспаеваны биыл 9 маусымда өтетін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына билікшіл "Ақ жол" партиясы президенттікке үміткер ретінде ұсынған.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи