Әйгілі қытайтанушы Константин Сыроежкин 2005 жылы ресми түрде Ресей азаматтығын алған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КазТАГ ақпаратын негізге ала отырып.
"Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау туралы келесі азаматтардың өтініштерінін қанағаттандырамын:( ...), Сыроежкин Константин Львович, 1956 жылы Қазақстан Республикасында туылған",- делінген Ресей президенті Владимир Путиннің 2005 жылғы 2 шілдесіндегі бұйрығында.
Бұл ақпаратты растайтын ресми құжат Ресейдің құқықтық және нормативті-техникалық электрондық құжаттар қорында жарияланған.
Естеріңізге сала кетсек, расталмаған дерек бойынша Константин Сыроежкин "тыңшылық" бабы бойынша күдікке ілініп отыр.
Ұсынған: Дәурен Сыбанбай